Спорт

Мерейлі рәсім

Ақтөбедегі студенттік ойындардың алауын жағу рәсіміне қатысатынымды естігенде қатты қуандым. Себебі бұндай шара жиі өткізіле бермейді.

Жалпы өзім білім алатын Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінен эстафетаға басқа да жастар қатысады. Мен стоматология факультетінің 4-курсында оқимын. Туған жерім — Орал қаласы. Мектепте оқып жүргенде спортпен, оның ішінде дзюдомен айналыстым. Университетке түскеннен кейін де спорттан қол үзген жоқпын. Қазір дзюдо мен белбеу күресін қатар алып жүрмін. Осы білім ордасында жүріп белбеу күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатында чемпион атандым. Азия ойындарында 2-орын алдым. Осындай жетістіктерімді бағалап, мені эстафетада алау ұстап шығуға шақырды. Қатты қуандым.

 Жүзімгүл НАУХАНОВА,

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік медицина университетінің студенті.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button