Спорт

Универсиада — ел мерейін өсіретін жарыс

Алау эстафетасына қатысатыныма қуаныштымын. Бұл менің өмірімдегі жарқын сәттердің бірі болмақ. Мұндай шараға бірінші рет қатысып тұрмын. Қысқы Универсиада — Қазақстанды әлемге танытатын ең ірі спорттық дода болмақшы. Әрине, елімізге мұндай жоғары дəрежедегі додаларды өткізу, өз пайдасын тигізеді. Әлемге танымалдылығы артады.

Мен Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Бала күнімнен спортты жақсы көремін.  9 жасымнан бастап таэквондомен айналысамын.  Ең алғашқы жаттықтырушым Сергей Ким болды. 2015 жылы Қазақстан чемпионатында 3-орынды, Алматы қаласында өткен Халықаралық жарыста 1-орынды иеленіп, Тараз қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы жарыста жеңімпаз атандым. Өткен жылы Канадада өткен Әлем чемпионатына қатыстым. Мұның барлығы қазіргі жаттықтырушым Нұрлан Жалғасбаевтың еңбегі деп білемін.

Қазір Сақтаған Бәйішев атындағы колледжде сәулет мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Биыл күзде өтетін жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қызу дайындық үстіндемін. Осы додада жоғары нәтиже көрсету — басты мақсатым.

Елімізде өткелі жатқан үлкен шараға қатысуым — мен үшін үлкен бақыт. Ал қысқы ойындарға қатысатын барлық қатысушыларға жеңістер мен сәттіліктер тілеймін.

 Ақсәуле ЕРҚАСЫМОВА,

С.Бәйішев атындағы колледждің 3-курс оқушысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button