Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Кәсіподақ белсенділері марапатталды

Облыстық кәсіподақтар орталығы мәжіліс залында өткен салтанатты жиында ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Кеңес Абдуллин, Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинаты кәсіподағы төрайымы Раушан Бекмұханова «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне — 25 жыл» мерейтойлық медальдарын омырауларына тақты. Марапатты облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Түрікпенбай Айжарықов тапсырды.

Осындай салтанатты жиын салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалында да өтті.

Филиал төрайымы Нәзира Табылдинова ондаған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділеріне салалық кәсіподақ бірлестігінің марапаттары мен бағалы ескерткіш сыйлықтарын табыс етті.

 А.ҚАЗЕКЕНОВ,

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button