ЖаңалықтарТәуелсіздіктің 25 жылдығы

Мөңке би ауылы бас жүлдеге ие болды

Конкурс

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аумағында «Үздік абаттандырылған аудан орталығы (аудандық маңыздағы қала)» және «Үздік абаттандырылған ауыл» атты облыстық конкурс ұйымдастырған еді. Комиссия мүшелері осы мәселе бойынша тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, жүлдегерлерді анықтады.

«Үздік абаттандырылған аудан орталығы (аудандық маңыздағы қала)» номинациясында екінші орын Қобда, үшінші орын Алға және Ойыл аудандарының орталықтарына берілді.

Ал «Үздік абаттандырылған ауыл» номинациясында Шалқар ауданындағы Мөңке би ауылы бас жүлдені иеленді. Қобда ауданындағы Әлия ауылы екінші, Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы және Темір ауданының Қопа ауылы үшінші орынды иеленді.

Жүлделі орындарды иеленген елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын одан әрі жақсарту үшін ақшалай сыйлықтар тапсырылады.

 Нұрмұханбет ДИЯРОВ.      

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button