Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Қор тарапынан тарту

Мейірім

 Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесі құрметіне «Нұрдәулет мешіті» қайырымдылық қоры аймақтағы бірқатар әлеуметтік мекемелерге қайырымдылық көрсетті.

«Нұрдәулет» сауда үйінің кең алаңында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына Алғадағы облыстық балалар үйі, «Үміт» сәбилер үйі, облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі, сондай-ақ, Жайсаң балалар интернаты мен облыстық мүгедектер қоғамы, Қурайлы мектеп-интернаты, Ақтөбедегі облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектебінің өкілдері қатысты. Қайырымдылық қордың төрағасы Мақсат Байжарқынов жиналғандарды Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесімен құттықтап, сыйлықтарды ұсынды.

Бұл күні қор тарапынан көрсетілген құрметке Ауған соғысы жауынгерлері мен Чернобыль, Семей ядролық апатынан зардап шеккен жандар да ие болды.

Арайлым НҰРБАЕВА.    

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button