Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Ақтөбелік энергетиктерге құрмет көрсетілді

Елімізде желтоқсан айының әрбір үшінші жексенбісінде Энергетиктер күні аталып өтіледі. Облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары ақтөбелік энергетиктерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Ақтөбе қаласындағы  Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында өткен салтанатты шарада Жаңабай Бексары аймақтағы энергетикалық өнеркәсіптің үздіктері мен сала мамандарын ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келген төл мерекемен құттықтады.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген салтанатқа «Актобеэнергоснаб», «Энергосистема», «Жаңажол газ-турбиналы электр станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Трансэнерго», «Ақтөбе жылу электр орталығы», «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ, «KEGOK» АҚ «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалының өкілдері қатысты.

Мерекелік шарада энергетика саласында ұзақ жылдан бері қызмет етіп жүрген, облыстың энергетикалық өндірісіне зор үлес қосқан 30 қызметкерге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың және «Қазақстан электр энергетикасы» қауымдастығы басшылығы атынан Алғыс хаттар табысталды. Олардың бірқатарының омырауына Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар тағылды.

Арайлым НҰРБАЕВА.

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button