Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

15 қызметкерге медальдар табысталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында көптеген мемлекеттік мекемелерде Елбасының Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін тапсыру салтанаты өтті. Өткен бейсенбі күні облыстық әкімдікте де дәл осындай себеппен облыс әкімінің орынбасарлары марапаттау рәсімдерін жасады.   

Салтанатты шаралардың бірінде облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары жиналғандарды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің тыныш болып, жұртымыздың аман болуын тіледі. Одан соң газ, құрылыс және сәулет, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында еңбек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген 15 қызметкерге мерекелік медальды табыстады.

Марапатқа ие болғандардың бірі — «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының бөлім басшысы Баянет Шарапиев.

— Бұл мекемеде қызметке келгеніме де алты жыл болыпты. Бұған дейін мемлекеттік қызметте 14 жыл қызмет еттім. Біздің «ҚазТрансГазАймақ» мекемесінің негізгі жұмысы — елді мекендерді газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда облыстағы барлық аудан орталықтарына көгілдір отын барып болды. Бұл — біздің мекеме басшысы мен облыс әкімі қол қойған меморандум аясында жасалып жатқан жұмыстар. Еліміз бұдан әрі көркейіп, гүлдене берсін! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! — дейді Б.Шарапиев.

А.ІЛИЯС.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button