Мереке

Құрметті ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен еңбеккерлері!

Біз ең маңызды кәсіби мерекелердің бірі  — Ауыл шаруашылығы  еңбеккерлері  күнін атап өтеміз.

Мемлекет басшысының назар аударып, қолдау көрсетуінің  арқасында экономиканың бұл секторы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын аталған саланы дамытуға аз қаражат бөлінбейді,  соның нәтижесінде ауылдың экономикасы мен әлеуметтік саласы қарыштап дамып,  лайықты өмір сүру үшін бар жағдай жасалуда.

Биылғы жылды облыс ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлері   жоғары көрсеткіштермен аяқтады.  Бұған, әрине,   мемлекет басшылығы тарапынан жасалған  көмектің зор ықпалы болды.

Дәнді дақылдардың жалпы түсімі 443,6 мың тоннаға жетті. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 2,7 есе көп.   Осылайша соңғы 25 жылда рекордтық өнімділікке қол жеткіздік, яғни әр гектарынан 13 центнерден өнім алынды. 90 мың тонна картоп және 76,3 мың тонна көкөніс өнімдері алынды. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Өңірдегі  мал шаруашылығымен айналысатындар да  табысты істерімен қуантады. Шаруалар «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» сынды мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануда, мал басы көбейіп, өнімділік көлемі де артып келеді. Ауыл шаруашылығының дәстүрлі емес түрін дамыту бойынша да шаралар қабылданып, қоян, бөдене, ешкі, бал өндіру шағын фермалар, жеміс-жидек өсіру үшін шағын жылыжайлар құрылып жатыр.

Өңдеу өнеркәсібін дамыту да мықты қолға алынып жатыр. Сала кәсіпорындарында ИСО халықаралық сапа стандарты жүйесі енгізіліп жатыр, соның арқасында  олардың шығарған өнімдері әртүрлі және сапасы жоғары болып жатыр.

Құрметті ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен еңбеккерлері!

Сіздерді Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері  күнімен құттықтаймын! Бұл — байлық пен молшылықтың мерекесі. Сіздерге мықты денсаулық, қуаныш пен отбасы бақытын, еңбектеріңізге табыс, алдағы күндеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін!

 Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button