Ауыл

Лизингке техника ал, техникаң қалар жаныңда…

Лизинг

 «Ақтөбеагросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі несиелік мекемесі ауыл шаруашылығына биыл да үлкен қолдау көрсетті. Ол лизингке техника, түрлі жабдықтар, мал, тұқымдық материал жеткізді.

Соның бір көрнісі, биылғы жылы 149 шаруашылық 270 миллион 290 мың теңгеге мал сатып алды. Сондай-ақ «Пригородный» ауыл шаруашылығы бірлестігі үшін 24 бірлік техника: шөп буатын-жинатын құрылғы, тракторлар, басқа да ауылшаруашылық құралдарын жеткізді.

Осы лизингтің арқасында Алға мен мәртөк ауданында екі шаруа қожалығы 230 асылтұқымды бұзау сатып алды. Ол малдар облыстан тыс жерден, Ақмола облысы мен Ресей Федерациясының Воронеж облысынан әкелінді.

Осындай жәрдемді «Рахат» ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативі де алды. Негізінен оның мемлекеттік субсидия есебінен қол жеткізгені техника, сосын алыс жайлауға шыққанда баспанаға жарайтын вагон үй. Сондай-ақ ол 20 асылтұқымды бұқа алды.

Өткен көктемде «Ақтөбеагросервис» несиелік мекемесі шаруа қожалықтары үшін 460 тонна астық сатып алды. Соның нәтижесінде 17 шаруашылық көктемгі далалық жұмыстарды уақытында аяқтады.

Тап қазіргі кезде осы лизингтің арқасында «Құмқұдық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диірмені қалпына келтірілуде. Оның қайта қалпына келтірілуі үшін 85 млн теңге жұмсалды. Бұл облыс әкімінің  тікелей тапсырмасы болатын.

Диірмен арқылы тұрақтандыру қорын толықтыратын жарма өнімдері дайындалмақ. Осы Әйтеке би ауданының шаруа қожалықтарына тұшпара жасайтын және қымыз дайындайтын  жабдықтар алынды.

Лизинг — несиенің аса тиімді және қолайлы түрі. Жалға алу бес жылға 7 пайыз жылдық өсіммен беріледі. Мұнымен бірге, қарыз жылына бір рет егін орағы аяқталып, өнім жиналғаннан кейін өтеледі.

 А.БОРАНОВ.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button