Ауыл

Биыл 2 млрд 700 млн теңге несие берілді

Несие

 Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қорының Ақтөбе филиалының директоры Гүлжанат Ерғазиеваның айтуынша, осы жылы 1000 заемшыға  2 млрд 700 млн теңге несие берілген. Бір сүйсінерлігі, осы берілген несиелік қаржының 80 пайызын заемшылар ауыл шаруашылығы жобаларын  жүзеге асыруға жұмсады.

Гүлжанат Ерғалиева  адамдар бұған дейін несиені мал сатып алуға алса, енді мал бордақылауға жұмсайтын болғанын айтады.  Бизнестің бұл түрі мейлінше дәстүрлі бола түсуде.  Іс бастаушы кәсіпкерлер үшін  қызметтің алуан түрі бар. Қазір облыста құс шаруашылығы қарқынды дамуда. Тұрғындары құстың  күркетауық, түйеқұс, тіпті  тауыс сынды, бұрын біздің өңірде болмаған жаңа түрлерін өсіре бастады. Мысалға, Алға ауданының Есет батыр ауылында Таңат Көнебаев биыл несие қаржы алып, 500 үйрек, 500 күркетауық, 300 қаз, 100 мысыр тауығы және 500 бөдене сатып алды. Сөйтіп, тұтас бір құс фермасын құрды.

Ақтөбе қаласының Новый селолық округінен Айман Серікбаева алған несие қаржысына  40 асылтұқымды ешкі алып, сүт және сүт тағамдарын өндіруде. Сонымен бірге, ол алған малын қалыпты ұстауға қажетті жағдайларды жасап алды.

Оның шаруашылығынан шыққан өнімдер сауда нүктелерінен өзге орындарда да үлкен сұранысқа ие, үйінен іздеп келіп өнімдерін алатын тұтынушылар көп.

Биылғы жылы біздің облысымыз  төрт оңтүстік облыспен бірге «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020»  аясында  «Селодағы жұмыспен қамту» бағдарламасының сынамалық жобасын жүзеге асыруға қатысуда.

Осы бағдарлама бойынша біздің облысқа 1 млрд 240 млн теңге қаржы бөлінді. Осы қаржының 700 млн теңгесі  «Ақтөбе шағын несие» қаржылық мекемесі арқылы жүзеге асырылса, 540 млн теңгесі  ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры  арқылы өтелді. Қазір бұл қаржының 20 пайызы қалды,  қарашаның соңына дейін толық игерілуге тиіс.

Адамдар несиелік қаржының пайдасын түсіне бастады. Олар бұл қаржының өздерінің бизнесін нығайту үшін тікелей жәрдемі тиетінін білді.

Мұны ауыл бизнесін қолдауға мемлекет бөліп отырған қаржының аздық ете бастағанынан аңғаруға болады. Несие беретін орындар зайемшыларды жасақтап  үлгере алмай жатыр. Жоғарыдағы заемшыларға берілген қаржыдан бөлек, негізгі транштағы — 1 млрд 70 млн теңге қазірдің өзінде пайдаланылды. Сондай-ақ несиелерді мерзімінен бұрын өтеуден түскен 150 млн теңге де жұмсалды.

Бұрын тек моноқала тұрғындарына беріліп келген қаржы қазір жалпы жұртшылық үшін қолжетімді болды. Өткен жылдан бастап қолданыстағы ережеге өзгерістер енгізілді. Соның нәтижесінде бұл «Бизнестің жол картасы — 2020»  бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады. Мұның өзі 200 млн теңге.

 А.ОРЫНОВ.

 

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button