Мереке

Құрметті ұстаздар! Қадірлі педагогика ісінің ардагерлері!

Сіздерді тамаша кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Мұғалімнің еңбегі қай уақытта да — тәлім беруде де, жеке қарым-қатынаста да ең құрметті мамандықтар қатарында саналып келеді. Сіздер өскелең ұрпаққа жақсылық пен жамандықты айыруға, үлкенді сыйлауға, туған өлкені сүюге бағыт бересіздер. Сіздерді шын мәнінде адам жанының сәулетшісі, осы өңірдің ғана емес, сондай-ақ күллі еліміздің болашағы тікелей қатысты болып отырған жас буынның бет-бейнесі мен тағдырының тамыршысы деп атауға болады.

«ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз — белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» — біздің Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында айтылған бұл сөздер қазіргі жағдайдағы мұғалімдердің барған сайын биіктен көріне түскен рөлінің нақты сипаты секілді. Мемлекет тарапынан білім беру мекемелерінің осы талаптарға сай болуы үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Ұстаз таланты мен шеберлігін бір де өзге нәрсе, тіпті ең заманауи деген компьютерлік жүйенің өзі алмастыра алмайды. Қандай да инновациялар мұғалімнің таланты, шеберлігі мен ілтипатшылдығының орнын баспақ емес. Сіздер жеке тұлғаны қалыптастырасыздар, адамгершілік ұстанымдарды белгілейсіздер, шәкірттің өзін жетілдіруіне, алдарына дұрыс мақсат қойып, нәтижеге жетулеріне жол ашасыздар.

Ақтөбелік ұстаздар қай кезеңде де жоғары кәсіби шеберлігімен және жұмыстың жаңа әдістерін енгізуге ұмтылыстарымен ерекшеленеді. Сіздер бәсекелестік әлемінде оқушыларды өмірге әзірлеуге, өскелең ұрпақтың адамгершілік ұстанымын қалыптастыруға бағытталған білім берудің облыстық жүйесін жетілдіруді табысты түрде жалғастырып келесіздер.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің өлшеусіз және игілікті еңбектеріңіз, балалар мен кәсіптеріңізге ерекше берілгендік, айрықша төзімділіктеріңіз үшін алғыс сезімін білдіремін. Шын жүректен сіздерге денсаулық, бақыт, ұмтылыс, барлық игі бастамаларда табыстар тілеймін!

 Облыс әкімі  Бердібек САПАРБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

One Comment

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button