Мереке

Еңбектері еленді

Кәсіподақ

 Елбасының Жарлығымен белгіленген Еңбек күні  мен Қарттар мерекесін кәсіподақ ұйымдары салтанатты жағдайда атап өтуді дәстүрге айналдырды. Бұл айтулы күндерді салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері  кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы  да ерекше қарсы алды.

Облыстық кәсіподақтар орталығы үйінің мәжіліс залында ұйымдастырылған салтанатта салалық кәсіподақ белсенділері марапатталды.

Осы күні Байғанин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрәділ Қолдасбаев, Алға ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Берік Бағытов «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Ал Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Жұмағұлова, Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінің директоры Дәметкен Жалғасова, қалалық олимпиада резервінің даярлау орталығының директоры Айнұр Исмаилова, теннис қауымдастығының облыстық бөлімшесінің жетекшісі Аркадий Ни «Құрмет белгісі» медаліне ие болды. Сондай-ақ бір топ кәсіподақ белсенділері салалық кәсіподақтың қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы Нәзира Табылдинованың қолынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар алды, заттай сыйлықтарға ие болды.

Сыйлық алғандардың қатарында «Ақтөбе» газетінің қызметкері, біздің әріптесіміз Серік Бисенов те бар.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button