Ауыл

Толғанайдың табысы

Мемлекеттік бағдарлама

 Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев әрдайым халықтың, әр отбасының тұрмыстық жағдайын арттыруға бағытталған әлеуметтік қолдауларды күшейтіп келеді. Елбасының «100 нақты қадам» атты стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың хал-ахуалына ден қойылған «Өрлеу» жоспары ауданымызда тиянақты орындалу үстінде.

Жаңа әлеуметтік жобаның арқасында мемлекет тарапынан шартты көмек алып, бағдарлама қатысушысы атанған азаматтардың табысы артқанын байқауға болады. Осылайша, шартты-әлеуметтік және балалар үшін көмек алатын тұрғындар шаруасын дөңгелетіп, табыс тауып жатқанын атап өткен жөн. Бұл арқылы елімізде кедейлік деңгейін төмендету көзделеді. Бір ғана «Өрлеу» бағдарламасының қарапайым халық үшін берген жақсылығы орасан. Оның игілігін Мәртөктің тұрғыны, көпбалалы ана Толғанай Ұзақбергенова да көріп отыр.

Ол «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 193 638 теңгеге екі баспақ пен үш қой сатып алған. Малының қысқы азығын да дайындап, мал бағуға бет бұрып, отбасымен тындырымды еңбек етуде.

— Мен негізі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыс сұрап барғам. Онда бөлім басшысы Гүлзада Алматбаева мен мамандар «Өрлеу» бағдарламасына қатысуыма мүмкіндік барын айтып, оның егжей-тегжейін түсіндіріп берді. Сөйтіп, берілген қаражатқа мал алып, қуанып қалдық. Малдың пайдасы айтпай-ақ белгілі ғой, бұйырса, басын көбейтуді ойлап отырмыз. Қазір ақылы-қоғамдық жұмыста істеймін. Жолдасым жалдамалы түрде еңбек етеді. Балалар өздері қарайды. Үй болған соң, малдың болғаны абзал. Мемлекеттің мұндай көмегі кім-кімге де үлкен көмек. «Мал баққандікі» демекші, өсіріп, көбейтіп, шаруашылығымызды дамытамыз деген ойымыз бар, — дейді көпбалалы Толғанай Ұзақбергенова.

Аманат ҚАЛПИЕВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button