Ниетіңіз қабыл болсын!
Құрбан айт
Ақтөбе қаласы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын Исламның басты мерекесі — Құрбан айтпен құттықтайды. Бұл — мұсылмандардың ұлық мерекесі. Айт күндері құрбандыққа мал шалынып, адамдар мейлінше көтеріңкі көңіл күйде болады, кешірімді болуға тырысуы керек.
Биылғы жылы Құрбан айт мерекесі 12 қыркүйекте тойланады және бұл күн демалыс ретінде жарияланып отыр. Өйткені бұл күндері ниет еткендердің барлық діни рәсімдерді орындауына мүмкіндігі болады.
Дәстүр бойынша, Айт күндері құрбандыққа шалынған мал еті мұқтаж жандарға таратылып жүр. Биыл Құрбан айт мерекесі күндері мал сою және тарату алаңы мынадай орындарда белгіленген: «Есік» ЖШС ет комбинаты, «Молдабеков» жеке кәсіпкерлігі («Мал базары» ауданы), «Айбек» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (41-разъезд ауданы, жолдың оң жағы), сондай-ақ, ірі қара малын сою «Тандем» ЖШС шұжық цехында (Оңтүстік-батыс ауданы, Қобда тасжолы) жүзеге асырылады.
| № | Мал сою
орындарының атауы |
Жауапты адамдардың аты-жөні (ветинспектор) | Байланыс телефондары |
| 1 | «Есік» ет комбинаты | Аманғали Есболатов | 8-775-485-53-10 |
| 2 | «Молдабеков» ЖК | Аманғали Есболатов | 8-775-485-53-10 |
| 3 | «Тандем» ЖШС | Сисенбай Ерсарин | 8-702-143-27-75 |
| 4 | «Айбек» ӘКК | Бақытжан Айнақұлов | 8-701-459-31-62 |
| 5 | «Кіші құм» ШҚ | Самат Төребаев | 8-705-835-24-71 |
Айта кететін бір жайт, тұрғындарға құрбандыққа шалынған малдың етін алуда сақ болғандары жөн, себебі белгіленген санитарлық талап бар. Қарағанды облысында малдан сібір жарасы ауру тіркелгені белгілі, сондықтан бұл мәселеге мұқият қараған абзал. Сондықтан 15 күн бұрын екпе жасалған тірі малды сатып алу ұсынылады.



