Құқық

Басты мақсат — сыбайластықтың жолын кесу

Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия жұмысы жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері басқармада әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға бағытталған комиссия отырысы 12 рет өткізілді. Комиссия отырыстарында басқарма ұжымы арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында бөлім басшыларының баяндамасы тындалып, әскери қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа деген «нөлдік төзімділік» көзқарасын қалыптастыру, жемқорлыққа қатысты  құқықбұзушылықтың туындау мүмкіндіктерінің алдын алу, басқа құқық қорғау, арнайы органдармен бірлесе жұмыс жасау қаралды.

Жеке құрамдағылар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қылмыстық және «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекстер бойынша білімдерін анықтау мақсатында үнемі тестілеуден өтіп тұрады.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда іс-қимыл тәртібі туралы түсінік беріліп, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзу әрекетіне қарсы іс-қимыл бойынша жадынама әзірленіп, таратылды.
2015 жылғы 25 қарашада ҚР Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері мен еліміздің Бас Прокуратурасы, ҚР  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, бүгінде басқармада осы құжат негізінде нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазақстанның Қарулы Күштерінде 2016-2018 жылдарға арналған құқықбұзушылықтардың алдын алу бағдарламасына сәйкес Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жеке құрамына Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасы мен әскери полицияның сенім телефондары жеткізілді.

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жалғасын таба бермек.

М.САПАРОВ,

Ақтөбе қаласы қорғаныс істер жөніндегі

басқарманың құқықтық жұмыс жөніндегі қызмет бастығы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button