Құқық

17 топ 5 миллион теңге айыппұл өндірді

Акция

 Ақтөбелік полицейлер «Борышкер» акциясын өткізу барысында борышкерлерден 5 миллион 485 мың 307 теңге айыппұл өндірді.

Облыстық ішкі істер департаменті әділет және облыстық жеке сот орындаушылар жергілікті палатасымен бірлесе отырып жол қозғалысы ережесін және қоғамдық тәртіпті бұзу барысында салынған айыппұлдан жалтарып жүрген тұлғаларды анықтау үшін ортақ жоспар әзірлеп, іс-шара ұйымдастырды. Аталған жоспар негізінде «Автоураган-П» кешенін қолдану арқылы борышкерлердің автокөліктерін ұстау және айыппұл тұрағына қою, тұрғылықты жерлері бойынша тексеру шаралары жүргізілді.

15-24 тамыз аралығында өткізілген «Борышкер» акциясы аясында 315 ішкі істер органдары қызметкерлері,10 сот орындаушыларынан тұратын 17 топ құрылып, іс-шара нәтижесінде 5 миллион 485 мың 307 теңге айыппұл өндірілді. Сондай-ақ 200 борышкердің автокөліктері айыппұл тұрағына қойылды. 710 тұрғынға әкімшілік айыппұлдарының бар екендігі туралы хабардар етіліп, мәжбүрлі түрде орындау үшін 1459 қаулы, жұмыс орны бойынша 187 қаулы жолданды.

 Облыстық ішкі істер

департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button