Құқық

Баланың тууын тіркеу мерзімі — үш күн

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мәселен, баланың тууын тіркеу мерзімдері едәуір өзгерді. Егер бұрын баланың тууын тіркеу туралы өтініш оның ата-анасы немесе басқа да мүдделі адамдар тарапынан тіркеуші органдарға  ол туған күнінен бастап екі  айдан кешіктірмей  берілсе, казіргі кезде енгізілген өзгертулерге  сәйкес, бұл мерзім  баланың туылған күнінен бастап 3 күнді құрайды. Сонымен қатар, бала өлі туған жағдайда, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы тарапынан өтінішті беру мерзімі босанған кезден бастап  5 тәуліктен  1 жұмыс күніне дейін қысқарды. Осыған орай, 2016 жылдың 16 маусымында ҚР Әділет министрінің «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына қол қойылды.

Аталған бұйрыққа сәйкес, «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгузі туралы» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына төмендегідей өзгерістер енгізілді:

— бала тууды туылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік  қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі және баланың тууын тіркеу туралы өтінішке қосымша мынадай құжаттар жалғанады:

  • Ата-анасының түсініктемесі;
  • Баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балалардан басқа);
  • «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша, жүгінген кезден бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілімей берілген, баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама;
  • Көрсетілеген қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатты куәландырлған сенімхат ұсынылады.

Қолданыстағы заңнамамен белгіленген 3-күндік баланың тууын тіркеу мерзімін бұзған жағдайда, азаматтар Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының кез келген бөлімдеріне жоғарыда көрсетілген құжаттармен жүгінуі тиіс.

ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне және «Баланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, түзетулер және толықтырулар енгізу туралы» мемлекеттік қызмет көрсету     стандартына жоғарыдағыдай өзгертулер енгізілуіне  байланысты, «Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі» ММ Ақтөбе қаласының және облысының тұрғындарына баланың тууын тіркеудің 3 күндік мерзімін міндетті түрде сақтауды сұрайды.

Себебі,  қаламыздың, облыстың және жалпы мемлекеттің ағымдағы және болашақ әлеуметтік-экономикалық дамуының  жоспарлары  азаматтық хал актілері жазбаларының мәліметтері бойынша құрылады.

 Маргарита ИГІСІНОВА,

 «Ақтөбе қаласы АХАТ бөлімі» ММ басшысының  орынбасары.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button