Құқық

Әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағандар сотталды

Заң

2016 жылдың 11 тамызында Ақтөбе қалалық №2 сотында ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігімен, 174-бабының 1-бөлігімен айыпталған Т.Б.Мажитов, Е.Аманғожин және М.Тұрғанбаевтар топ болып,  телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, терроризмді насихаттау, терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру арқылы қылмыстық құқықбұзушылық жасап, әлеуметтік және діни алауыздықты қоздырған. 

Сотта анықталғандай, Т.Мажитов — ислам дінінің радикалды бағытын ұстанушы, ол қасақана ниетпен, терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру мақсатында, 2015 жылғы тамыз айында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Абухолид Абдумаджид» деген атпен өзіне жеке парақша ашып, «Абу Хамза Казахстанский» деген атпен тіркелген қолданушының жеке парақшасынан «У кого-то может есть знакомые, кто готов финансово помочь, или закят свой отдать или просто сделать джихад своим имуществом», «На вопрос о терроризме и Исламе один немецкий мусульманин сказал», «20 достойнств шахида», «Это письмо муджахеда к своей жене» секілді мәтіндерді жүктеп алып, желідегі достарына жіберген.

Одан әрі, Т.Б.Мажитов 2015 жылдың 7-10 желтоқсаны аралығында терроризмді насихаттау мақсатында достарына  «Уақыт келді», «Ассалам уалейкум, біздің уақыт келді, Ин ша Аллах», «Қашанғы жүре береміз?» — деген үндеу хаттар жазып, өзін-өзі жарып, «шахид» жасау туралы бейнероликтер жіберген.

Бұдан соң, Т.Б.Мажитов Шалқар ауданының тұрғындары Е.А.Аманғожин және М.С.Тұрғанбаевпен, топ болып, телекоммуникациялық желіні пайдалана отырып,  терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру қылмыстық құқықбұзушылығын жасаған, әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға бағытталған іс-әрекеттерін жасап, «Whats app» арқылы «Алланы уағыздау» атты қоғамдастыққа өзінің абоненттік нөмірінен «Из писем Саида абу Саада к своей жене», Қ.Бақытжан есімді абонентке «Стишок о мурджитах», С.Құдайбайға «Выдержки из писем Саида Абу Саада» атты мәтіндік хабарлама жіберген.

Е.А.Аманғожин 2015 жылдың қараша айынан 2016 жылдың ақпан айы аралығында өзінің абоненттік нөмірі арқылы«Алланы уағыздау» атты қоғамдастыққа «Самоубийство или Шахада?», «Имам Мухаммад Ибн Абдуль-Ваххаб», «Мурджиты нашего времени» деген мәтіндік хабарламаны жіберген.

М.С.Тұрғанбаев 2015 жылдың қараша айында өзінің абоненттік нөмірі арқылы «Алланы уағыздау» атты қоғамдастыққа  «Достоинства шахады», «Шахада — это великая милость», «Другие возлежат на тронах в Раю» деген мәтіндік хабарлама жіберген.

Мемлекеттік айыптаушы Т.Мажитов пен Е.А.Аманғожинге ҚК-тің екі бабы бойынша — 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу, М.С.Тұрғанбаевқа ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот шешімімен, Т.Б.Мажитовке ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігінде, 174-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін, ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі бойынша — мүлкі тәркіленіп, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігі бойынша төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті өтеуге, мүлкін тәркілеп, сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Жазаны өтеу орны — жалпы  режимдегі түзеу колониясы деп белгіленді.

Е.Аманғожинге ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігінде, 174-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін, ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігі бойынша  — мүлкі тәркіленіп, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК-нің  174-бабының 1-бөлігі бойынша — төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы  тағайындалды. Ол да сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленеді. Жазасын жалпы  режимдегі түзеу колониясында өтейді. М.Тұрғанбаевқа ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын жалпы  режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Төребай Мажитовтан, Ерғожа Аманғожиннан, Мейрамбек Тұрғанбаевтан мемлекет кірісіне, кешенді психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптамалар жүргізілуіне байланысты,  53 834 теңге көлемінде іс-жүргізу  шығындары өндірілді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button