Құқық

Сыбайлас жемқорлықты әшекерлеушілерді көтермелеу қағидасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеудің арнайы қағидасы бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу:

1) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасау фактісі туралы хабарлауды;

2) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;

3) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беруді қамтиды.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен тұлғаларға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленді. Сыйақының мөлшері 60-тан 210 мың теңгеге дейін өзгереді:

1) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша — 30 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 40 АЕК;

3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 50 АЕК;

4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 70 АЕК;

5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша — 100 АЕК.

Қағидаларда грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау арқылы қосымша көтермелеу түрлері көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық

бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 

Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 93.

Сенім телефоны: 8 (7132) 56-74-10, 8 (7132) 72-82-40.

Call-center 1424

anticorruption.gov.org.kz

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Мен 2013 жылы наурыз айында Шалқар қ-сынан шайхана жалға алып жұмыс жасадым. Алкоголь өнімдерін сату үшін лицензия алдым. 2015 жылы төленуге тиесілі 138740 тг лицензиялық төлемнің 60000 мың тг төлеп,2015 жылы 20 ақпанынан бастап ЖК уақытша тоқтатуға өтініш бердім. ЖК тоқтатқаннан соң қалған сомманы төлеп,лицензияны кіріс басқармасына тапсыру керектігін білгенім жоқ. 2016 жылы 26 маусым айында ҚР ӘҚБтҚ нің 282 бабы 8 бөлігі бойынша айып тағылып дицензиямды кіріс бөліміне қайтартқызып 150 айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппүл салынды. Яғни 318150 тг және төленуге тиесілә 78740 тг. Бұны төлеуге менің еш мүмкіндігім жоқ. Шалқар қаласында лицензия алмай ,лицензияға салық төлемей жұмыс жасап жатқан дүкендер бар,олар қалай жұмыс жасауда?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button