Құқық

Сауалдарыңызға заңгер Серік Жолдыбай жауап береді

Заң

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрекетке қабілетсіз әкем үшін қол қоя аламын ба?

Әкем үйде, қатты науқас. Айтқанын ұмытып қала береді. Бірақ, жылжымайтын және жылжитын мүліктерін өсиетпен маған мұраға қалдыруға берген уәдесінен жаңылмай отыр. Далаға шығуға мүмкіншілігі болмағандықтан, әрекетке қабілетсіздігі, науқастығы туралы дәрігерден анықтама алуға, оны нотариуске көрсетіп, сол кісінің атынан қол қойып, өсиет алуға бола ма?

Темірбай Лайықұлы,

Қандыағаш қаласы.

Әкеңіз дәрігерлік-психиатриялық сараптама қорытындысына сүйенген сот шешімі негізінде ғана әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін. Сот шешімінсіз, науқастығы туралы дәрігердің жалаң анықтамасымен олай деп тануға, есептеуге болмайды. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылмаған кез келген науқастың, мүгедек адамның нотариус куәландырған өсиет қалдыруға құқығы бар. Әкеңіздің өзін кеңсесіне жеткізуге жағдайы көтермесе, нотариусты үйге шақырта аласыз. Нотариус келіп, оның мүмкіншілігін байқайды. Егер сырқаттығы салдарынан қағазға қол қоя алмайтындай дәрежеде болса, куәландырылатын өсиетке өзі сенім білдірген басқа біреу (тек жақын туысы емес) қол қояды. Әкеңіздің осындай жағдайда берген өсиеті жарамды деп танылады.     

 

Жер телімі қандай жағдайда тәркіленеді?

Жерді мемлекет мұқтажы үшін алып қою оның тәркіленуі болып санала ма? Олай болмаса, жекеменшік жер телімдері қандай жағдайда тәркіленуі мүмкін?

Айбек Сәден,

Қарғалы ауданы.

Жер телімінің мемлекет мұқтажы үшін ақысы төленіп немесе басқа жер теліміне айырбасталуы жолымен алынуын тәркіленуі деп есептеуге болмайды. Оның меншік иесінен жасаған құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен қолданылған санкция ретінде төлемсіз алынып қоюы тәркіленуі болып табылады.

 

Жұмысқа уақытша қабілетсіз қызметкерді қызметтен босатуға бола ма?

Науқастануына байланысты уақытша жұмысқа қабілетсіз жұмысшыны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдауға болады ма? Егер оған заңды негіз болса?

Болатбай Малдығұл,

Ойыл ауданы.

Заңда, яғни, Еңбек кодексінің 52-бабында арнайы көрсетілген жұмыс беруші – заңды тұлға таратылуы не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметі тоқтатылуы сияқты және басқа жағдайларды қоспағанда, қызметкердің уақытша еңбекке қабілетсіздігі және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңінде еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді (ҚР Еңбек кодексінің 54-бабы). Алайда, уақытша еңбекке қабілетсіздігі не демалысы аяқталғаннан кейін, Заңда көзделген тәртіппен еңбек шартын бұзуға болады.

 

Борышкерден өндіру үшін атқару парағын сот орындаушысына беру мерзімі қандай?

Заңды күшіне енген сот кесімінің негізінде берілген атқару парағын орындауға ұсыну мерзімі қандай екенін білгім келіп еді.

Жамал Лепесқызы,

Ақтөбе қаласы.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот кесімдерінің негізінде берілген атқару парағын мәжбүрлеп өндірілуі үшін сот орындаушысына үш жылдың ішінде бере аласыз.

 

E-mail: sultan.ns@mail.ru 

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. мен 2014жылы каспи банктен кредит алган едим 400м.т сол 600м.т болып кобейип кетти. белгили себептермен толей алмадым. жумыста болмадым. 2016ж тамыз айынан бастап жумыс истеп келемин сол айдан бери айлык алалмай келем шотымдагы айлыктарымды толыктай устап калуда маган ен курганда жарты айлыгымды колыма алуга конбей отыр маган 30% толейсин ягни 145м.т содан кейн шотынды ашып беремиз жанадан график орнатып дейди. меним ондай 145м.т толей алмаймын. осы маселени кандай жолмен шешуге болады? ен курыганда жарты айлыгымды устап отырса жарты айлыгымды колыма алсам деймин.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button