Құқық

«Сот кабинеті» — тиімді әдіс

Әлеумет

Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау барысында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық сервисін әзірледі.

Бұл жүйе бүгінгі күнде қарқынды жұмыс істеуде әрі тұрғындар электронды сот кабинетінің тиімділігін сезіне бастады.  Атап айтсақ, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгінгі күнге дейін 19 арыздың 17-сі,  45 апелляциялық шағымның 41-і  «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсіп отыр. Яғни, азаматтар сот өндірісіне қатысты өтініштерін де электронды түрде жолдап, өз уақыттарын үнемдеуде.

«Сот кабинеті» — сот құрылымында да қолға алынған реформалардың заманауи, жаңа технологияның бірі.

«Сот кабинетінің» басты ерекшелігі — азаматтардың уақытын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Олар сот төрелігіне жүгінетіндей болған жағдайда бұрынғыдай сот ғимаратына келіп жүрмейді. Үйінде немесе жұмыс орнында отырып арыздарын сотқа жолдай алады. Ал, әлеуметтік желіге қолжетімділігі жоқтар бұл тұрғыда халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін пайдалануына болады. Ол үшін азамат халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды сандық қолтаңба алуы қажет және «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыра отырып тіркеледі.

Электронды сот кабинеті сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сот кеңсесі жұмысының кіршіксіз болуына ықпал етеді. Азаматтар әлеуметтік желі арқылы сот актісін басып шығара алады.

Электронды сот кабинетін пайдаланушы жіберген электрондық құжаттардың деректемелері еліміздегі сот органдарының ақпараттық жүйесіне түскен кезде автоматты түрде кіріс құжатының тіркеу-бақылау карточкасына көшіріледі. Ескерерлігі, «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен құжаттар пайдаланушының электронды сандық қолтаңбасының жарамдылығы  тексерілгеннен кейін ғана тіркеледі.

 

 

Дамира САДЫҚОВА,

облыстық қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының кеңсе бас маманы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button