Құқық

«Төрелік» бағдарламасы не береді?

Сот

2015 жылғы қыркүйек айынан бастап барлық гарнизондық әскери соттары «Төрелік» ақпараттық жүйеге толығымен көшіп, іс пен сот өндірістері осы бағдарлама тіркеуі арқылы жүзеге асырылып келеді.

«Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» сот құжаттарының базасы, «Аудио-бейне тіркеу» жүйесі, «Істер санаты бойынша бірыңғай жіктегіш» істі едәуір жеңілдетеді және сот процесінің ашықтығын арттырады.

«Төрелік» жүйесі барлық процессуалдық құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бақылау мерзімінің бұзылу фактілерін тіркейді. Аудио-бейне тіркеу сот процесінің ашықтығын арттырады. Сот істерін қорыту негізінде «Істер санатының бірыңғай жіктегіші» әзірленді. 2015 жылдың соңында Жоғарғы Соттың сайтында арнайы «Талдау» форумы ашылды, ол барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болды.

Барлық сервистер азаматтардың электронды-сандық қолтаңбасы болған жағдайда кез келген қолайлы жерде ғаламтор арқылы қолжетімді. Жалпы сот қызметіндегі жаңашылдықтармен олардың жұмысы туралы мәселелер бойынша азаматтар 1401 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып біле алады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ақпараттық сервистері сотқа жүгіну кезіндегі азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік береді және сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Алдағы уақытта «Tөрелік» жүйесі соттарды қағаз тасымалдаушылардан барынша арылтады. Жүйедегі барлық  операциялар автоматтандырылған, бұл айтарлықтай сот мамандарының жұмысын жеңілдетеді, өйткені көп өтініштер мен жүгінулер «Сот кабинеті» жүйесі арқылы келіп түседі,  бұл жерде процеске қатысушылардың мәліметтері мен өтініштерінің мәні хат-хабарды жіберушілердің өздерімен толтырылады. «Tөрелік» жүйесінің ерекшелігі, барлық соттар бір типтік  номенклатура бойынша жұмыс істейтіні болып  табылады.

Істерді тіркеген уақытта тараптардың ұялы телефоны көрсетілсе автоматты түрде СМС жіберуге мүмкіндік қарастырылған.

«Төрелік» ақпараттық жүйесі жеңілдетілген жүйе, яғни ақпараттандырылған болып табылады.

 Гүлмира ТОРЖЫМБАЕВА,

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы.            

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button