Спорт

Он күн ішіндегі төртінші кездесу тең аяқталды

Премьер-Лига

«Атырау»-«Ақтөбе» — 1:1

20-турда «Ордабасы» командасын қабылдаған «Шахтер» футболшыларының соққылары (Ф.Серечин, Г.Дубков, М.Симоновски) үш рет қақпа бағанасына тиіп кері қайтты, сөйтіп, қарағандылықтар тең нәтижемен (0:0) қанағаттанды. Өткен турда «Ертістің» қақпасына үш рет пенальти тағайындалса, бұл жолы да ұтылуға (0:1) мәжбүр болған бұлардың «Тараз» қақпасына соққан добы ойын тәртібі бұзылғаны себепті есепке алынбады.

Бұл турда «Ақтөбе» Атырауда ойнады. Есептеп көріңіз, «Ақтөбе» 10 күннің ішінде төрт кездесу өткізді. Өз алаңында «МТК Будапешт» пен «Ақжайықты» қабылдады, сырт алаңда тағы да «МТК Будапештпен» ойнады, яғни Венгрияға ұшып барып, одан тура «Атырауға» ұшып келді.

Ал мұндай қапылысты режимге байланысты кейбір жеке ойыншыларға демалыс беріп, команда құрамына өзгерістер енгізуге Юрий Уткульбаевтың мүмкіндігі жоқтығы да белгілі. Сол себепті бұл ойында да қайтадан алаңға шыққандарға тың күш ретінде тек Алексей Щеткин қосылды. Басқалар сол баяғы міндеттерін мойнына алды. Әсіресе Бағдат Қайыров пен Куасси Куаджа, Егор Сорокин мен Марат Ситдыков қорғанысты берік ұстауға тиіс болды. Өйткені осыған дейін соншама күш жұмсаған футболшыларды бірден тынымсыз шабуылға салу оңай емес еді. Солай болғанымен де біздің жігіттер тым тұйықтанбай, қарсыластар қақпасына ретімен жорық жасап отырды. Атыраулық қақпашы, мысалы, әуелі Дидардың соққысын қайтарды, одан соң Никитаның баспен соққан добын қақшып түсті. Ал Кирилл Шестаков соққан доп қиыс кетті. Әрине, ақтөбелік қақпашы Самат Отарбаев та жұмыссыз қалған жоқ. Айта кетелік, ойынның екі таймында да Самат өз шеберлігін көрсетіп бақты. Алма-кезек аңдысуларға негізделген бірінші тайм голсыз аяқталды.

Гол екінші таймның 54-минутында соғылды. Біздің жігіттердің қақпа алдындағы қарбаласта сәл абыржып қалғанын пайдалана қойған Владимир Аржанов допты екі метр жерден жібек торға сүңгітті де жіберді — 0:1.

Енді ақтөбеліктердің белсенді қимылдамасқа амалы қалмады. Дидар құлдырай жүгірген Кирилл Шестаковқа пас тастай қойды да, Кирилл тепкен допты атыраулық қорғаушы бұрыштамаға жіберді. Бұрыштамадан соғылған допты қақпашы Жасұр қақшып түсе алмай қалғанымен, тағы да қорғаушы құтқарды. Есе қайтарудың мерзімі ұзарып бара жатқанын ойлаған ақтөбелік бас бапкер шабуылшы Щеткинге енді шабуылшы Даоны қосты. Щеткин тіпті қуаттана түсті. Осындай шақтардың бірінде алаң иелері допты тағы да бұрыштамаға жіберді де, допқа  Дидар келді. Ол допты дәл қақпаның алдына тастады да осы маңда жүрген Егор допты қақпаның келесі діңгегіне қарай баспен ысырды, дәл келе қалған допты Никита Бочаров шірене теіпті, тіпті де қателескен жоқ — 1:1.

Ойын бұл есеппен де аяқталмауы мүмкін еді. Соңғы сәттердің бірінде, 94-минутта Жасұр Нарзиқұлов допты ойынға қосқан шақта асығыс қимылдап, доп тура Егор Сорокинге тиді де, одан әрі Алескей Щеткиннің алдына түсті. Әттең, Алексей де асығыс соққы жасап, допты бос қалған қақпаның маңдайшасынан тым асырып жіберді. «Ақтөбе» жеңісті жұлып әкете жаздаған кездесу осылайша тең аяқталды.

«Атырау»-«Ақтөбе» — 1:1

Гол авторлары: Владимир Аржанов, 53-минут (1:0); Никита Бочаров, 86-минут (1:1).

Ескерту қағазын алғандар: А.Сапаров, 47-минут; В.Чуреев, 63-минут («Атырау») — Б.Қайыров, 50-минут, Е.Сорокин, 56-минут («Ақтөбе»)

«Ақжайық»: Жасұр Нарзикулов, Александр Дамчевски, Ламанж, Эссаме (капитан), Владимир Аржанов, Александр Макась (Пшемыслав Трытко, 85-минут), Александр Куртеян (Алексей Маров, 89-минут), Алексей Мулдаров, Валентин Чуреев, Валерий Коробкин, Алтынбек Сапаров (Максим Федин, 80-минут).

«Ақтөбе»: Самат Отарбаев, Куасси Куаджа, Егор Сорокин, Сандра Цвейба, Марат Ситдиков, Никита Бочаров (Егор Азовский, 89-минут), Вук Митошевич (Лассина Дао, 76-минут), Дидар Жалмұқан (капитан), Бағдат Қайыров, Кирилл Шестаков, Алексей Щеткин.

10 шілде. Атырау. «Мұнайшы» стадионы. 2500 адам.

Бұл екі команда осыған дейін 38 рет кездесті. 24 рет «Ақтөбе» жеңіп, 6 кездесуде «Атырау» басым болды, ал 8 ойын тең есептермен аяқталды. Доп айырмашылығы 21 («Атырау») — 56 («Ақтөбе»). Тағы бір айта кетер жайт, «Атырау» ақтөбеліктерді 2010 жылдан бері, соңғы 16 кездесу бойы ұта алмай келеді.

*   *   *

 

Басқа кездесулер:

«Қайрат»-«Тобыл» — 3:2

Гол авторлары: Бауыржан Исламхан, 48-минут (1:0); Исламбек Қуат, 60-минут (2:0); Артурас Жулпа, 68-минут (2:1); Исаэл, 72-минут (3:1); Сергей Хижниченко, 76-минут (3:2).

«Оқжетпес»-«Жетісу» — 2:0

Гол авторлары: Әлібек Бөлешев, 63-минут (1:0); Жасұлан Молдақараев, 90-минут (2:0).

71-минутта Жасұлан Молдақараев орындаған пенальтиді қақпашы дарытпады.

«Шахтер»-«Ордабасы» — 0:0

«Ақжайық»-«Астана» — 1:5

Гол авторлары: Азат Нұрғалиев, 2-минут (0:1); Предраг  Говедарица, 20-минут (1:1); Жуниор Кабананга, 22-минут (1:2); Асхат Тағыберген, 44-минут  (1:3); Серікжан Мужиков, 64-минут (1:4); Азат Нұрғалиев, 90-минут (1:5).

«Тараз»-«Ертіс» — 1:0

Гол авторы: Йоан Мера, 40-минут (1:0).

 

*   *   *

20-турдың нәтижелері:

9,12,14,16-турлардағы секілді  бұл 20-турда да 6 ойын 6 түрлі есеппен аяқталды.

16 гол соғылды. Алаң иелері 8 гол соқса, қонақтар да дәл сондай 8 доп өткізді.

3 кездесуде алаң иелері, 1 ойында қонақтар жеңді, 2 кездесу тең есеппен аяқталды.

Бұл турда 5:1 есебі чемпионат басталғалы бірінші рет тіркелсе, 2:0 есебі он бесінші рет, 3:2 есебі бесінші рет тіркелді.

Шапшаң гол авторы — Азат Нұрғалиев, 2-минут («Астана»);

Кездесулер барысында 26 ескерту қағазы көрсетілді, жасыл алаңнан қуылғандар жоқ, 1 пенальти тағайындалып, оны қақпашы дарытпады.

Мергендер көшінің басында 14 гол соққан Жерар Гоу («Қайрат») тұр.

Чемпионат басталғалы 120 кездесу өтті. 58 ойында алаң иелері жеңіске ие болса, 35 тайталаста қонақтар басым түсті, 27 кездесу тең есептермен аяқталды. Қақпаларға 288 гол соғылды (алаң иелері — 161, қонақтар — 127), сөйтіп, әр кездесуде қақпаларға орта есеппен 2,40 гол енді.

Біздің мергендеріміз:

Дидар Жалмұқан — 5 гол (екеуі — он бір метрлік айып добы);

Самат Смақов — 5 (4);

Никита Бочаров — 4;

Тоқтар Жаңғылышбай — 2;

Бобир Давлатов — 1;

Асланбек Кәкімов — 1;

Сандро Цвейба — 1;

Кирилл Шестаков — 1;

Дмитрий Голубов — 1.

«Ақтөбе» өз алаңымызда 9 кездесу өткізіп, 4 ойында жеңіске жетті, 2 тең ойын нәтижесі тіркелді, 3 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 11:13. Ұпай — 14. Сырт алаңда 11 ойын өткізіп, 2 кездесуде жеңіске жетті, 4 ойынды тең аяқтады, 5 рет ұтылды. Доп айырмашылығы — 10:19. Ұпай — 10.

 

ТУРНИР КЕСТЕСІ

 

Команда      О         Ж        Т         Ұт       Д         Ұп

 

1.Астана      20       16       2          2          32-11    50

2.Қайрат      20        12       4          4          44-19    40

3.Ертіс          20       11       5          4          33-15    38

4.Оқжетпес  20       10       4          6          32-21    34

5.Ордабасы 20        9         5          6          26-24    32

6.Тобыл        20        7         4          9          23-25    25

7.Атырау      20       6          7          7          19-21   25

8.Ақтөбе       20        6         6          8          21-32   24

9.Жетісу        20       5          5          10       20-31    20

10.Шахтер    20        4         6          10       8-25      18

11.Тараз       20        4         4          12       18-27    16

12.Ақжайық 20       3          2          15       12-37   11

 

*О — ойын, Ж — жеңіс, Т — тең, Ұт — ұтылыс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.  

*   *   *

 

17 шілде, жексенбі күні өтетін 21-турда «Ақтөбе» өз алаңымызда «Шахтерді» қабылдайды. 14 мамырда Қарағандыда өткен ойында 2:0 есебімен ұтқанбыз. Гол авторлары: Дидар Жалмұқан, Тоқтар Жаңғылышбай.

Басқа ойындар:

16 шілде, сенбі
«Астана» (Астана) — «Атырау» (Атырау)
«Жетісу» (Талдықорған) — «Ақжайық» (Орал)
«Тобыл» (Қостанай) — «Оқжетпес» (Көкшетау)

17 шілде, жексенбі
«Ордабасы» (Шымкент) — «Тараз» (Тараз)
«Ертіс» (Павлодар) — «Қайрат» (Алматы)

Ертай АШЫҚБАЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button