БілімБасты жаңалықтар

Ақтөбеде жыл он екі ай жұмыс жасайтын балалар лагері ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың пайымдауынша, Ақтөбеде Қара теңіз маңындағы «Артек» секілді жыл он екі ай жұмыс жасайтын балалар лагерін ашу керек. Бұл жаңалықты бізге «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады.

Осыған дейін хабарланғандай, балаларды сауықтыру, оқыту және тәрбиелеу орталығы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында «Ақбөбек-Восток» лагері жанынан ашылады деп жоспарланған болатын. Әкімнің пікірінше, осыған ұқсас жобаларды материалдық-техникалық базасы бар қала маңындағы өзге да жазғы лагерьлер жанынан да ұйымдастыруға болады. Одан басқа, билік жыл он екі ай жұмыс жасайтын орталық құрылысын қарастыруға әзір.

«Мұндай орталықтарда тек балалар демалысы мен сауықтыру ғана емес, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына, ағылшын тілі мен өзге пәндерді оқыту мүмкіндіктеріне назар аудару керек», — деп санайды өңір басшысы.

— Бір кездері «Артек» кез келген кеңес баласының арманы болатын, сабақты жақсы оқу үшін ынталандыратын. Біздің аумақта балалардың қысы-жазы демалуына барлық мүмкіндік бар. Балалардың сабақ үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді. Сонымен бірге мұндай орталықтарда балалар сабақтан тыс демалыс уақытында тынығар еді. Бүгінде жазғы лагерьлерде бір ауысым 15 күнге созылады, қалған 2,5 айда балалар немен айналысады? Мектеп жанындағы лагерьлерде уақыт шектеулі, тиімділігі шамалы. Балаларға үлкендер жағы қарайласу керек, оларды жалғыз қалдыруа болмайды, — деді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы облыстық білім басқармасының жетекшісіне сабаққа бармайтын балаларды анықтауды тапсырды.

Облыстық білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, биылғы оқу жылында мектепке бармай жүрген балалар саны 38-ге жеткен. Барлығын мектеп партасына қайта отырғызуға тура келді. Шынайы мәліметті жинау үшін елді мекендер мен саябақтарды аралап шығуға тура келді.

— Тұрғын жайларды аралап шыққанда, онда тұратын балалардың қай мектепке баратынын анықтап, отбасының әлеуметтік портретін әзірлеу керек. Біз әрбір оқушы туралы білуіміз керек. Бәлкім, осыдан кейін шынайы мәліметті жинап, нақты шаралар қолға алу керек шығар, — деді өңір басшысы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button