Денсаулық

Ішек ауруынан сақтан!

Жедел жұқпалы ішек аурулары асқазан-ішек жолдарын зақымдайды. Аурудың қоздырғыштары асқазан-ішек жолдары арқылы нәжіспен сыртқы ортаға шығарылады. Аурудың негізгі көзі —  науқас адам және бактерия тасымалдаушылар. Олар белгілі бір жағдайларда ауру таратушыға айналады. Ауру көктем, жаз айларында көбірек кездеседі. Себебі бұл мезгілдерде ауа райы жылы болады. Күннің ысуы тағамдардың тез бұзылуына әсер етеді, жеміс-жидектер піседі. Осының бәрі дерттің көбеюіне себеп болады. Жедел ішек ауруларының қоздырғыштары тамақ, су, кір қол, лас ыдыс және  тұрмыстық заттар арқылы адам ағзасына түседі. Аса қауіптісі —  аурудың тамақ арқылы жұғуы. Асқа мерзімі өткен тағамды пайдалану, қолдан сатып алынған сүт тағамдары мен көкөністерді базардан, кездейсоқ сауда  орындарынан алу, сақтау, дайындау аурудың таралуына әкеліп соғады.

Жұқпалы ішек ауруларының бірнеше түрі бар. Түрлеріне байланысты клиникалық белгілері де әртүрлі. Алайда осы ауруларды біріктіретін ортақ нәрсе, берілу жолдары, жұғу механизмдері, инфекция көздері бірдей, бір-біріне ұқсас.  Инфекция жұққаннан кейін ауру жедел басталады. Адамның дене қызуы көтеріліп, құсады, іші өтеді. Басы ауырып, іштің кіндік аймағы толғақ тәрізді бүріп ауырады. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ішек ауруларының сальмонеллез, дизентерия секілді түрлері жеміс-жидек піскен кезде өршиді. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті. Аурудың ең басты алдын алу жолы — жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін алмау керек.  Қайнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау керек. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтаған жөн.

 М.ТЬЯГЛАКОВА,

жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігер-инфекционисі, қарқынды ем бөлімшесінің меңгерушісі.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button