ДенсаулықЖаңалықтарМереке

Екі емхана пайдалануға берілді

Ақтөбе қаласында қос бірдей тіс емханасының ашылу салтанаты өтті.

Шаһардың ескі бөлігінде орналасқан балалар тіс емханасында бас-аяғы 21 ақ халатты жұмыс істейтін болады. 4 емдеу бөлмесі, физиотерапиялық және рентген бөлімдері бар медициналық мекеме аумақта тұратын елу мыңға тарта кішкентайға қызмет етпек. Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов:

— Бүгін — ерекше күн. Өйткені елордамыз Астана болғалы 18 жыл толды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сарабдал саясатының арқасында осы аралықта Астанамыз қай жағынан да дамып, барлық елдердегі ірі қалалардың ішінде өз орнын алды. Осы мерекеге орай Ақтөбе облысында бірқатар нысандар ашылуда. Бірқатар ақтөбеліктер пәтер кілттерін алды, жер учаскелерінің сертификаттары тапсырылды, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолдамалар табыс етілді.

Енді, міне, балалар тіс емханасының ашылуына қатысып отырмыз. Президенттің саясатына сәйкес, осы салада бірқатар ауқымды істер орындалып, ірі нысандар салынып жатыр. Оның барлығының негізгі мақсаты — халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, — деді.

Мемлекеттік нысан сол күні-ақ балаларды қабылдап, алғашқы алты қаралушыға ұжым атынан сый-сияпат көрсетілді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтер бастаған топ қаладағы «Сазды» аялдамасы тұсындағы «Elit Dental» тіс емханасы-студиясының ашылу салтанына барды. Жекеменшік орталықтың директоры Айнұр Қалдығұлованың айтуынша, мұнда 6 дәрігер мен 3 медбике тұрғындарды қабылдайтын болады.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button