СпортӘлеумет

Қайсар жандардың қуанышы

«Достық» су спорты түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған есту қабілеті нашар спортшылар арасында жүзуден ҚР чемпионаты өтті.

Оған Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының спортшылары қатысты. Шара барысында ҚР бойынша мүгедектер арасында спорт түрінен мемлекеттік жаттықтырушы Ерназар Бексұлтанов сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді, спортшыларға сәттілік тіледі.

Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша I орынды қарағандылықтар жеңіп алса, одан кейінгі орындарды ОҚО мен Астана қаласының құрамалары иеленді. Қазақ саңыраулар қоғамы Орталық басқармасының президенті Серік Түмбетов марапаттау рәсімінде Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.

 С.БАЙТҰРОВА,

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button