Құқық

Спортшы әрі суретші полицей

Құқық қызметкері болып жұмыс істеу — қиындықпен, қауіппен қатар жүру, өз мүддеңнен халық мүддесін жоғары қоя білу, заңның бұзылуына, бұрмалануына жол бермеу, үлкен қылмыстардың алдын алу. Осы сара жолды таңдаған азаматтардың бірі — облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 2-полиция батальонының полицейі, полиция сержанты Ершат Шаяхметов.

Қызмет бабында әріптестеріне сыйлы, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білетін Ершат өз жұмысын жауапкершілікпен атқарып келеді. Оның осы уақытқа дейін қызметте жеткен жетістіктері жетерлік.

Өз жұмысынан бөлек полиция сержанты бала кезінен сүйікті ісіне айналған сурет салумен шұғылданады. Қолына қалам мен ақ парақ түссе болды, қиялдан туған көркем бейнелерін ақ қағаз бетіне түсіруге тырысады. Өзі айтқандай, «бұл — оның хоббиі».

— Заң мен ережелерге бағынғанда ғана қоғамда тыныштық орнайды. Әрбір азамат, Абай атамыз айтқандай, өз-өзіне күн сайын есеп беріп жүретін болса, жамандық атаулы адамзаттан қашар еді, — дейді Ершат тәртіп жайын сөз қылғанда.

Кез келген сарбаздың генерал болуды армандайтыны секілді ол да қызмет сатысында беделді де білікті тұлға болуды мақсат етеді. Осы жолда ол қазір еңбек етіп, елге қызмет етуде. Облыс, республика деңгейінде түрлі спорттық шараларға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр. Атап айтсақ, биыл кикбоксингтен ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында  57 салмақ дәрежесінде жүлделі 3-орынға ие болды.

Ершаттың айтуынша, спортта жеткен жетістіктеріне жаттықтырушылары Еркебұлан Көшетов пен Саламат Қапиннің  сіңірген еңбегі зор.

 Қанат ҚАНАТБАЕВ,

взвод командирі,

полиция майоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button