Ауыл

Арзан өнімге қарық болды

Жәрмеңке

Аудан орталығында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Оған ауылдық округтердегі және аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлер атсалысты.

Ертеңгілік ерте басталған жәрмеңкеге келушілер өте көп болды. Кәсіпкерлер де тұтынушылардың көңілінен шығуға тырысты. Қопа, Ащы, Көлтабан, Сартоғай, Миялы, Жарқамыс  ауылдық округтерінен жәрмеңкеге қатысқан шаруа қожалықтары табиғи өнімдерді қолжетімді бағаға ұсынды.  Әсіресе бұл күні «Иса», «Нұрланды», «Марқабай», «Өскен жер», «Нұр – Қожа», «Шохр» шаруа қожалықтары және кәсіпкер Мереке Әмидановалар белсенділік танытты. Жәрмеңкеде айранның литрі — 150 -200, қаймақ — 1200, бір келі сары май —1500, шұбаттың литрі — 500-600, қымыз 700 теңгеден сатылды. Өзге тағамдардың да арзандағаны көрінді. Мысалы, құрттың келісі — 600-700, сүзбе — 650, май құрт — 800, бидай — 700, тары-талқан  250 теңгеден саудаланды.  Аудан тұрғындары ауылдардан келген өнімдерге қарық болды. Жәрмеңкеге түрлі ет өнімдері көп түсті.

Көрші аудандардан да жекелеген кәсіпкерлер келіп, жәрмеңкеге өз өнімін салды. Соның бірі кәсіпкер Ж.Ықыласов ондығын 160 теңгеден арзан жұмыртқа сатып, тұтынушылардың ризашылығына бөленді. Тіпті жәрмеңкеде тауық пен балапан да көптеп сатылды. Қаздың, үйрек балапаны — 1600, тауықтың балапаны 350 теңгеден ұсынылды.

Бұл күні жәрмеңкеден тұтынушылардың сөмкелері ауырлап қайтты. Өйткені мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан әлдеқайда төмен болды.

 М.МАНАРБЕКҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button