Ауыл

Акция және «этноауыл»

Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Болашаққа мұра болар сыйлықтар» атты акция өтті.

Шараға аудандағы мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, музей жанашырлары, аудан тұрғындары, қолөнер шеберлері және мектеп оқушылары қатысты.

Акцияда аудан тұрғындары Қымбат Үдербаева, Рахия Омарова және Ақши ауылынан келген «Ақши сазы» әжелер ансамблі музейге жәдігерлер табыстап, жиналғандар музей ішінде жасақталған «Этноауылды» аралап, дастарқаннан дәм татты. Сонымен қатар аудан тұрғындарына музей алаңында «Шеберлер ауылы» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қолөнер шеберлері өз бұйымдарын сатылымға шығарды.

Шара аясында аудандық «Арай» мәдениет үйінің өнерпаздары, музейдің өнерлі қызметкерлері, «Ақши сазы» әжелер ансамблі өнер көрсетіп,  Ырғыз гимназиясының 7-сынып оқушысы Назерке Мақсот «Мұражай» атты өлеңін оқыды.

Акция соңында музей директоры Әлібек Таубатыров әрдайым музеймен тығыз байланыс орнатып, көне жәдігерлерді тапсырып, қоғамдық шараларға белсене атсалысып жүрген аудан тұрғындарына  ризашылығын білдіріп, музей атынан бір топ азаматтарға Алғыс хаттар табыстады.

 

 Е.ЕРМАХАНОВ,

аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері.

Ырғыз ауданы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button