Ауыл

Жеті мың түп тал бой көтерді

 Тазалық айлығы

Өткен сенбіде Мұғалжар ауданындағы барлық елді мекендерде сенбілік шаралары ұйымдастырылды. Оған бірінші кезекте қала және ауыл әкімдігі құрылымдары, бөлім қызметкерлері атсалысты. Бұдан тыс жеке ұйымдар да, жастар да тазалық жұмыстарынан тыс қалған жоқ.

Сенбілікке қатысқандар әуелі тал-теректер егіп, қаладағы Интернациональный көшесін көгалдандырды. Айналасын абаттандырды. Жалпы Қандыағаш қаласы бойынша сенбілік жұмыстары басталғалы бүгінгі күнге дейін аудан бойынша 7 мың түп тал бой көтерді.

Тұрғындардың мерейін тасытатын да, көңілін жасытатын да тұрғылықты жерінің келбеті мен тазалығы. Сол үшін тазалықты сақтауда тек тиісті сала жұмысшылары ғана әрекет етпеуі керек. Ауданның кез келген тұрғыны бұл іске бір кісідей атсалысқаны жөн. Себебі қала тазалығы үшін тұрғындардың барлығы да жауапты әрі қоршаған ортаны қорғау, оны ластамау — әрбір адамзат баласының азаматтық борышы. Игі іске Мұғалжар аудандық мүгедектер қоғамының белсенділері де атсалысты.

Жандос АЙТЖАНОВ,

Мұғалжар ауданы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button