Ауыл

Сенбілік сыйы

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы А.Пушкин атындағы көше бойына тал егу жұмыстарын жүргізді. Болашақ үшін жасалып жатқан игі шараға топ мүшелері бастауыш партия ұйымының төрайымы Нағима Тлембаеваның жетекшілігімен шықты. Туған қаламыздың тазалығын сақтау, көгалдандыру мақсатында өткен сенбілікке қала әкімдігі, аудандық музей, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімінің қызметкерлері белсенділік танытып, топ мүшелері топ-топқа бөлініп, өзара еңбек сайысына түсіп, бір адамдай қызу қарқынмен жұмыс жасады. Мерекеге жиналғандай көтеріңкі көңіл күймен жасалған сенбілікте талдар егіліп, көше бойы қоқыстардан тазартылды.

Табиғатты аялап, қолда бардың қадірін уақытында бағалап, мәңгілік елдің табиғаты мәңгілік болатындай жағдайға жеткізу үшін өз үлесімізді қосайық.  Алдағы уақытта да қала тұрғындары қаламыздың көркеюіне, абаттануына, таза болуына өз мәнінде атсалысса екен дейміз. Әрбір адам өз үйінің алдына тал егіп, қаланың көркеюіне үлесін қосса, біздің қала жасыл желекке айналар еді!

 Ә.ҚЫДЫРАЛИНА,

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрағасының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button