Спорт

Ақтөбеліктер екі олимпиадалық лицензияны ұтып алды

Қаламызда ұйымдастырылған жүзуден Қазақстанның ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарыстың қорытындылары бойынша, екі ақтөбелік жүзгіш Рио-Де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына қатысу лицензиясын жеңіп алды.

Мұндай деңгейдегі жарыс қаламызда алғаш рет өткізілді. Оған су спорты жөніндегі халықаралық қауымдастықтық (FINA) оң шешімі септігін тигізген еді. Бұл жолғы чемпионатта Бразилия жерінде жоспарланып отырған жазғы Олимпиада ойындарының лицензиялары сарапқа салынды.

Төрт жыл сайын өткізілетін бүкіләлемдік спорттық шараға қатысу жолдамасынан үміткерлердің арасында Ақтөбе су спорты мектебінің екі тәрбиеленушісі өнер көрсетті. Айбек Хамзинов 100 метр қашықтық бойынша «Б» дәрежесіндегі лицензияға қол жеткізді. Енді оның есімі олимпиадалық ойындарға қатыстырылатын кандидаттардың қатарында қаралады. Сонымен қатар шалқалап жүзуде 100 метр қашықтықта топ жарған тағы бір жерлесіміз Александр Тарабрин де жолдама иегері атанды.

«Достық» жүзу бассейнінде барлығы 21 олимпиадалық лицензия таласқа түсті.

 Жантас МАҚСОТОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button