Спорт

Олимпиада жолдамалары сарапқа салынады

 Қаламыздағы «Достық» су спорты орталығында жүзуден ҚР ашық чемпионаты басталды.

5 күнге созылатын ашық республикалық чемпионатта еліміздің түрлі өңірлерінен келген спортшылармен қатар, көршілес шет мемлекеттердің — Ресей Федерациясы, Белоруссия және Өзбекстанның үздік жүзушілері де тамыз айында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жоспарланып отырған жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын беретін лицензияларды жеңіп алу үшін өзара бәсекеге түседі.

Олипиада ойындарына қатысу жөніндегі біліктілік талаптарының орындалуы тексерілетін бұл дода FINA cу спорты түрлері бойынша халықаралық федерациясының мақұлдауын алған.

— Чемпионатқа барлығы 17 команда келді. Бұл жарыста бақтарын сынайтын жерлестеріміз Александр Тарабрин, Сабыр Алмат, Айбек және Әлібек Қамзеновтер  — біздің үміткерлеріміз, — дейді «Достық» су спорты жөніндегі облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Бектұрлиева.

Ашық чемпионатқа қатысушылардың өнерлерін сарапқа салатындардың арасында Белоруссиядан келген халықаралық федерацияның ресми төрешісі Владимир Макаревич те бар.

 Қуат АҚМЫРЗАҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button