Құқық

Заң

заңгер

Серік Жолдыбай

жауап береді

Банк «су түбіне» қалай кетеді?

Банк қалай ерікті және мәжбүрлі түрде жойылады? Банк өзін-өзі банкрот деп тани ала ма?

Түгелбай,

Мәртөк ауданы

Банктің ерікті түрде жойылуы немесе қайта құрылуы үшін акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі және уәкілетті орган — ҚР қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын үйлестіру және қадағалау жөніндегі Агенттіктің рұқсаты керек.

Банктің мәжбүрлі түрде жойылуы үшін сот шешімі қажет.

Банкрот алдында тұрған дәрменсіз банктің өзінен-өзі сотсыз жойылуына немесе оны борыш берушілерінің таратуына жол берілмейді (ҚР банктері және банк қызметі туралы Заңының 60, 69-71-баптары).

Жұмыс берушінің бастамасы бойынша  қызметкерлер саны мен штатын қысқарту    қандай жағдайларда жүргізіледі ?

Өндіріс көлемі азайғанда, не болмаса өндіріске жаңа технология енгізіліп, модернизация жүргізілген ретте де, былайша айтқанда,  өндіріс көлемі арттырылған жағдайда ҚР Еңбек  кодексінің 54-бабының 1-тармағына сәйкес  жұмыс берушінің бастамасы бойынша қызметкерлер саны мен штаты қысқартылуы мүмкін. Бұл жерде тек  жұмыс берушіге Кодекстің тиісті баптарында көрсетілген талаптары мен міндеттерін қатаң сақтағаны дұрыс, атап айтқанда:

заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші — жеке тұлғаның (жеке кәсіпкер, қорғаушы, нотариустар мен т.б.) қызметі тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, қызметкерлердің уақытша еңбекке қабілетсіздік кезеңінде және жыл сайынғы еңбек демалысында жүрген кезеңінде  еңбек шартын  жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға жол берілмейді (55-бап) ;

еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге  бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті, ал  кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзу, ұжымдық шартта  көзделген тәртіппен, осы ұйымның кәсіподағы органының дәлелді пікірін ескере отырып жүргізіледі (56-б. 1-2 т.) ;

жұмыс орны болған ретте, оны басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіншілігі қарастырылуы керек;

жұмыс берушi — заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi — жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған, бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген, қызметкер сот актiсiне сәйкес одан әрi жұмыс iстеу мүмкiндiгiн жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларды (54-б. 1-т.) қоспағанда, жүкті әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз басты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді (185-б. 1-т).

егер еңбек шартының мерзімі аяқталған күні он екі апта және одан да көп жүктілігі туралы медициналық қорытынды ұсынса, жұмыс беруші оның жазбаша өтініші бойынша еңбек шартының мерзімін бала үш жасқа толғанға дейін, оның күтіміне байланысты демалыс аяқталған күнге дейін ұзартуға міндетті (185-б. 2-т).

д). Қызметкерлер санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын  уәкілетті органға — «Қалалық, аудандық жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне жазбаша ақпарат беруге міндетті.(147-б. 2-т).

Жер телімін кепілге қою шарты қай сәттен бастап жасалды деп есептеледі?

Жеке меншiк құқығында немесе уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығында жер учаскелерi бар жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар кепiлге берушi бола алады. Мемлекеттiк жер пайдаланушылар осы Жер кодексінде белгiленген тәртiппен өздерiне тиесiлi тұрақты жер пайдалану құқығын кепiлге беруге құқылы.

Жеке және заңды тұлғалар кепiл ұстаушылар болуы мүмкiн.

Ортақ бiрлескен меншiктегi немесе ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы бөлiнбейтiн жер учаскесiн кепiлге беруге, ортақ меншiкке немесе ортақ жер пайдалануға қатысушылардың барлығының жазбаша келiсiмi болған кезде жол берiледi.

Кепiл жер учаскесi орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркейтiн органдарда мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап, жер телімiн кепiлге салу құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындайды және шарт сол сәттен бастап жасалды деп есептеледі (ҚР Жер кодексiнің 79-бабы).

Мына телефондар бойынша хабарласуларыңызға болады:

51-04-13, 8-702-318-04-13.

Басқа жаңалықтар

One Comment

  1. Мен Акбопе Жакенова Елкеевна Сізге сұрақ қойсам деп едім. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданынанмын. Қазір бір мекемеде оператор болып жұмыс жасаймын. Оператор штаттан тыс қызметшіге жатады. Тамыздың 15 нен бастап мекемеміз өзгеруіне байланысты қысқартылуға уведомление берді. 1 қазаннан бастап мекеме қайта ашылады. бірақ онда штаттан тыс қызметкерлердің ішінде оператор болмайды дейді. Өзім қазір қыркүйектің аяғына таман декреттік демалысқа кеткелі отырмын. Сонда мен декреттік демалысқа кеткенде менің орным сақталмайды ма? Сонда қалай декреттік орынның қысқартылмайтындығы, орыны сақталады дегені бекер ме?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button