Құқық

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ТЕГІН ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Заң

 Құқықтық мемлекеттің алдында тұрған бірегей міндеттердің бірі — тұрғындарды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету.

Еліміздегі «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы»  заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және заң көмегін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын Елбасы айқындайды. Осы заң қабылданғанға дейін, заң көмегін көрсету бойынша нормалар қылмыстық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстердің  жекелеген баптарында және «Адвокаттық қызмет туралы» Заңда белгіленген болатын. Сондай-ақ, адвокаттардың тегін көрсететін қызметі бойынша бүгінгі таңда барлық төлемдерді аумақтық әділет органдары жүргізетіндігі анық көрсетілген.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін ел аумағында тұратын барлық азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан алуға құқылы. Оны өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар және заңмен белгіленген жағдайларда адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары көрсетеді. Аталмыш жеңілдікті құқықтық ақпарат беру түрінде жеке және заңды тұлғалардың тегін алуына құқығы бар.

 

Н.ҚАЛМАҒАНБЕТОВ,

Шалқар аудандық әділет

басқармасының іс жүргізушісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button