Спорт

Бес медаль. екінші орын

Самбо

 Орал қаласында самбодан жастар арасында өткен ҚР чемпионатында ақтөбелік палуандар екі алтын, үш қола медальға ие болды.

Бұл жарыс Азия мен Әлем чемпионатына іріктеу болып есептеледі. Сайыста қыздар мен жігіттер бөлек сынға түсті. Ерлер арасындағы сында 48 келі салмақ бойынша Ержан Ахметжанов пен 52 келі салмақтағы Салих Шәріп алтын медалға ие болса, 82 келі салмақтағы Мәди Бейбітов қола жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында  Айнұр Жұмағұлова мен Алмагүл Бақбергенова  қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде  Ақтөбе құрама командасы екінші орынға ие болды.

Ал Салих Шәріп пен Ержан Ахметжанов 26-30 мамыр аралығында Ашхабад қаласында өтетін Азия чемпионатына және  қазан айында Бухаресте өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Құрама команданы облыстың аға бапкері Сәтжан Тойлыбаев пен Ақәділ Убаев жаттықтырды. Палуандардың алдағы жарысына сәттілік тілейміз.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button