Экономика

4629 отбасының баспана мәселесі шешілді

 Брифинг

 2015 жылы Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысына 32,3 миллиард теңге жұмсалды деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

Аталған орталықта өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Нұрлан Боранбаев өткен жылы облысымызда құрылыс саласында жасалған жұмыстар туралы ақпараттармен бөлісті.

Оның айтуынша, 2015 жылы өңірде әлеуметтік салаға тиесілі 146 нысанның құрылысы жүргізілді. Олардың 110-ы республикалық бюджеттің, ал қалған 36-сы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.

Нысандардың құрылысына жұмсалған жылдық қаражат көлемі — 19,3 миллиард теңге. Оның 5,6 миллиард теңгесі Ұлттық қордан, 7,8 миллиард теңгесі республикалық, 5,9 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

Өңірлерді дамыту — 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе облысында 2015 жылы барлық қаражат көздері есебінен жалпы ауданы 455,5 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған болатын. 2015 жылдың қорытындысы бойынша — 536,2 мың шаршы метр тұрғын үй, оның ішінде «Тұрғын үй құрылысы жинағы» желісі бойынша 39,5 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй немесе 540 пәтер пайдалануға берілді, — деді Нұрлан Боранбаев.

Мәртөк, Хромтау, Мұғалжар, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласында жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған азаматтарға 244 жалдамалы пәтер берілді. Жалпы алғанда, 4629 отбасы баспана мәселесін шешкен.

2015 жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысына барлығы 32,3 миллиард теңге жұмсалған. Тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілетін аудандарға 124,3 шақырым инженерлік желі тартылған.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button