Құқық

Кодексте қандай өзгерістер бар?

 

Заң

 2016  жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек Кодексі қолданысқа енді. Қабылданған заң жобасы қазіргі экономиканың нақты тұстарын және бұрынғы заңнаманың  тәжірибелерін пайдаланған.

Аталған кодекстің ережесі бойынша барлық еңбек қатынастарына өзгерістер енгізілген. Осы енгізілген өзгерістер  жұмыс беруші тарапынан көптеген құжаттарды, еңбек қатынастарының тәртібі мен талабын қайта қарауды талап етеді.

2016 жылдан бастап жұмыс беруші, егер жүкті әйелді, үш жасқа дейінгі баласы бар әйелдерді, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды немесе мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда жазбаша жауап беру талап етілмейді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды олардың денсаулығына зақым келетін немесе рухани дамуына кері әсерін тигізетін (түнгі ойын сауық мекемелерге, алкоголь, темекі өнімдерін тасымалдау немесе сату) жұмыстарға қабылдауға тыйым салынады.

Жұмыс беруші жаңа кодекс бойынша үш күн ішінде жұмысшыны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен таныстырып, бұйрықты жұмысшыға беруге міндетті емес. Алайда жұмыс берушінің  жұмысшыға қатысты барлық жұмыс беруші актілерімен таныстыру жалпы міндеті болып табылады, бірақ ол қандай да бір мерзім ішінде болуын қажет етпейді.

Жаңа Еңбек Кодексі сынақ мерзімінің талабын өзгертті, қазіргі таңда жұмыс беруші сынақ мерзімін барлық санаттағы жұмысшыларға, сондай-ақ,  жұмысқа енді қабылданған жас мамандарға, он сегіз жасқа толмағандарға және мүгедектерге  тағайындауға құқылы.

Сонымен қатар, жаңа Еңбек Кодексінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негіздері ұлғайған. Енді жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеуі, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымның еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты жұмыскердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруден қайтадан өтпеуі; тараптардың өзара келісімі бойынша еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығы бар жұмыскердің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы; жұмыскер жұмыс берушіге белгісіз себептер бойынша бір айдан астам жұмыста болмауы жағдайларында бұзылуы мүмкін.

Сондай-ақ, еңбекақы мен еңбек режимі бойынша да өзгерістер бар, егер бұрын мереке немесе демалыс күндеріне еңбекақы төлеу екі еселенген мөлшерде болса, қазір бір жарым еселенген мөлшерде қарастырылған. Тараптардың келісімі бойынша еңбек уақытынан тыс жұмыс үшін ақы төлемей басқа уақытқа тынығуға мерзім бере алады. 2016 жылдан бастап жұмыс беруші ай сайын электронды түрде әрбір  жұмысшыға  белгіленген кезең бойынша есептелген еңбекақысы туралы, еңбекақысынан өндірістік қажеттілік бойынша ұсталған алымдардың мөлшері және негіздері туралы, оның ішінде міндетті зейнетақы  төлемдері туралы және төленуге тиісті еңбекақысының мөлшері туралы мәліметтер бере алады.

Ақтөбе қалалық соты құқық қолдануда қателіктерді болдырмаудың алдын алу мақсатында заңнамаларға енгізілетін өзгерістерді қатаң қадағалап отырады.

 

Қ.СЕМБЕКОВ,

Ақтөбе қалалық сотының судьясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке сот орындаушылар институтының жаңаруына  және мемлекеттік сот орындаушылардың кезең бойынша қысқартылуына орай, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарын жандандыру мақсатында 2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылар құзыретіне жеке, заңды тұлғалардың пайдасына өндірілген атқару өндірістері, сонымен қатар, осы жылдан бастап жеке сот орындаушылар тұрғындарға алимент өндіру, еңбек ақы, зейнет ақы және әлеуметтік төлемдер бойынша кепілдендірілген мемлекеттік заң көмектерін көрсетеді.

Жеке сот орындаушылардың құзыретіне борышкер мемлекет болып табылатын немесе үлесі бойынша қатысатын, сондай-ақ, тұрғын жайдан шығару, тұрғын жайға кіргізу, мемлекет мүддесі үшін жер телімін алу туралы қаралған атқару өндірістері кірмейді.

Мемлекеттік сот орындаушыларға тұрғын  жайдан шығару, тұрғын жайға кіргізу, мемлекет мүддесі үшін  жер телімін алу және 1000 АЕК көлемінен асатын мемлекет пайдасына өндірілген атқару құжаттары беріледі.

Сондай-ак жеке сот орындаушылардың жеке тұлғаларға қатысты банктік есептері бойынша мәлімет талап ету құқығы кеңейтілген.

 

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Қ.С. Сембеков

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button