Спорт

Толағай қыздың табысы

Бәрекелді!

2-9 сәуір аралығында Алматы қаласында зілтемір көтеруден ел чемпионаты өтіп жатыр. Біздің Ақтөбеден    зілтемірші Гүлім Құрманбаева қатысып, жүлделі оралды. Анығы, бұған дейін мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстарға қатысып жүрген спортшы қызға бапкері Сергей Ведюшкин бұл жолы бағын ел чемпионатында сынап көруге кеңес берді.

Небары 47 келі салмағы бар бойжеткен 62 келілік зілтемірді жатып көтеруде алдына жан салмады. «Ел чемпионатына бірінші рет қатысуым. 62 келілік зілтемірді оңай бағындырып едім. 67 келілік зілтемірді көтергенде қате жіберіп алдым, аяғым тайып кетті. Келесі жарыстарда қателік жібермеу үшін дайындығымды одан әрі пысықтауым керек. Ендігі мақсатым —  Азия, сосын Әлем чемпионы болу», — дейді Гүлімнің өзі. Сөйтіп, толағай бойжеткен ІІ орынға ие болды. Жарыстан жүлделі оралған оны Алматы-Ақтөбе пойызынан ата-анасы, өзі жұмыс істейтін Ауған соғысы жауынгер интернационалистері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасынов, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмира Сражова және еріктілер күтіп алды.

Гүлім енді 18 сәуірде Талдықорған қаласында зілтемір көтеруден өтетін ел Кубогына дайындығын бастап кетті. Алдағы жарыстан жеңіспен оралуын тілейміз.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button