Құқық

Әкімшілік заңнама — жауапкершілік шарасы

Осыдан бір жылдан сәл астам уақыт бұрын қолданысқа енгізілген Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекс реттеудің тиісті саласында негізгі құқық қолданушылар болып табылатын барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың мүдделерін біріктіретінін атап өту қажет.

Әкімшілік құқықбұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жекеменшігіне, құқықтары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.

Әкімшілік жаза — әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жауапкершілік шарасы. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқықбұзушылықтың сипаты, құқықбұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Жеке тұлға әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша айыппұл төлеген жағдайда әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізу тәртібі енгізілді.

Тағы бір жаңалық — судьяға, уәкілетті органға жеңілдететін мән-жайларды белгілеу кезінде жеке тұлғаларға қатысты айыппұл сомасын 30 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін норма енгізілді.

Мемлекет басшысы азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалу қажеттігіне бірнеше рет назар аударды. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексте жұмыс берушінің қызметкерге толық көлемде еңбекақысын төлемегені, сондай-ақ жұмыс берушінің екі жылдық кезең ішінде еңбек демалысын бермегені, қызметкердің тең еңбегі үшін тең жалақы алу құқығына қысым жасау арқылы еңбек ету саласындағы кемсітушілік, өндірістегі жазатайым оқиғалар фактісін жасырғаны үшін жауаптылықты көздейтін әкімшілік құқықбұзушылықтардың жаңа құрамы енгізілген.

Әкімшілік заңнаманың реформалануы кодекс ережелерінің, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша ізгілендіру жолымен және қысқарту өндірістерінің енгізілуі арқылы жетілдіру бағытымен негізделгенін атап өткен жөн.

 Бекболат ТӘЖІМҰХАН,

Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы. 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button