СпортТәуелсіздіктің 25 жылдығы

Шымыр шайқұярлар шынықты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алға ауданында әйелдер арасында волейболдан және үстел теннисінен аудандық жарыстар ұйымдастырылды.

Спорттық сайыстардың ашылу салтанатында сөз алған Алға аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Наурызов пен спорт жанашыры  А.Қуантаев қатысушыларға сәттілік тілеп, жұртшылықты салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Әйелдер арасында өткен волейбол ойынына бас-аяғы 8 команда қатысты. Әртүрлі жастағы қыз-келіншектерден құралған командалар арасындағы жарыс өте тартысты өтті. Солардың арасынан бас жүлдені Қарағаш ауылының командасы жеңіп алса, одан кейінгі жүлделі орындарды «Асар» және «Жастар-1» командалары өзара бөлісті.

Үстел теннисі спорты бойынша өткізілген бәсеке де қызықты өрбіді. Ширақтық һәм шымырлықты қажет ететін бұл ойынның қорытындысы негізінде №1 Алға мектеп-бақшасы жеңіске лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық әкімшілік дайындаған Кубок, медальдармен марапатталды.

 

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button