Спорт

Ақтөбеліктер чемпион атанды

Тоғызқұмалақ

 Қызылорда облысының Тереңөзек кентінде тоғызқұмалақтан республикалық Н.Ергешбаев атындағы  турнир өтті. Тоғызыншы рет өткізіліп отырған шараға еліміздің барлық аймақтарынан 253 тоғызқұмалақшы, ал біздің өңірден елуге жуық жас қатысты.

Бес күнге созылған жарыста қатысушылар бар шеберліктерін салды. Қатысушылардың көптігіне байланысты турнир щвейцар жүйесі бойынша өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша турнирде алты чемпион  жеңіске жетті. Оның үшеуі — ақтөбелік жастар. 14 жасқа дейінгі қыздар арасында сынға түскен қаламыздағы №30 мектептің оқушысы Гүлжанат Алдабергенова барлық қарсыластарын ұтып, жеңімпаз атанды. Гүлжанат бұған дейін жасөспірімдер арасында үш дүркін, жастар арасында екі дүркін чемпион атанған болатын. Аталған мектептің тағы бір оқушысы Қайрат Тұрарбек алғашқы үлкен жарысы болғанына қарамастан он жасқа дейінгі ұлдар арасында чемпион болды. Екі оқушы да осы мектептің  мұғалімі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбек Қабиевтің шәкірттері.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button