СпортТәуелсіздіктің 25 жылдығы

Қос газеттің жүлдесі үшін жарысты

Өткен жексенбі, 20 наурызда дәстүрлі түрде облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің жүлдесі үшін шаңғыдан облыстық чемпионат өтті. Ғасырға жуық өткені бар облыстың қос бас газетінің бұл жолғы чемпионаты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналды. 

Қысқы спорт түрлерінің ең танымалы болып есептелетін шаңғы тебуден облыстық чемпионатқа қатысуға тілек білдіргендердің саны әдеттегідей көп болды. Кірпішті ауылындағы қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің шаңғы тебу алаңында өткен додаға қаладағы мектептердің, колледждердің оқушылары және жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар аудандардың, оның ішінде Қобда мен Мәртөктің спортсүйерлері де келді.

Жыл сайын газеттеріміздің жүлдесі үшін облыстық чемпионатты өткізу игі дәстүрімізге айналды. Шаңғышылар осы жарысты асыға күтеді. Облыс спортында белгілі бір орынды ойып алғанымыз бізді ерекше қуантады. Оның үстіне бүкіл ел болып Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатырмыз. Сондықтан бұл жолғы чемпионатты осы Тәуелсіздіктің мерейтойына орайластырғымыз келеді, — деді «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев.

Шаңғы чемпионатының дәстүрлі қатысушылары да қалыптасты. Солардың бірі — Қобда ауданынан келген мектеп оқушысы Оля Дуля. Ол жыл сайын «Ақтөбе» мен «Актюбинский вестниктің» жүлделері үшін өткізілетін спорт бәсекесіне белсенді түрде қатысып қана қоймай, ылғи үздіктердің қатарынан орын алады.

Өзім спорттың қай түрін болса да жақсы көремін. Ал шаңғы спортының орны мен үшін ерекше. Облыстық чемпионатқа тыңғылықты дайындықпен келдім, — деді Оля.

Оля бұл жолы да 16-17 жас арасындағы қыздар арасында 3 шақырым қашықтық бойынша өткен жарыста мәреге 1-ші болып келді.

Сап түзеген үлкенді-кішілі шаңғышыларға алдымен жарыстың ережелері түсіндірілді.

Жарыс 12-13, 14-15, 16-17, 18-39, 40 және одан жоғары жас дәрежелері бойынша өтті. Шаңғышылар еш аянып қалмады. Мәре сызығына бірінші болып жету үшін жанталасып бақты.

Үздіктерді «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның атынан облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Өтеулиев марапаттады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар, жүлдегерлерге қос газеттің құрылтайшысы «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС мен денешынықтыру және спорт басқармасының дипломдары табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық чемпионаттың оза шауып бәйге алған үздіктерінің аты-жөндері төменде беріліп отыр.

1 шақырым қашықтық бойынша 12-13 жас арасындағы қыздар:

1-орын: Салтанат Бердібаева, №57 орта мектеп;

2-орын: Арайлым Бердоңғарова, №57 орта мектеп;

3-орын: Мәдина Бауыржанова, №41 орта мектеп.

1 шақырым қашықтық бойынша 12-13 жас арасындағы ұлдар:

1-орын: Қасымхан Салиханов, №57 орта мектеп;

2-орын: Нұршат Ғанесов, №57 орта мектеп;

3-орын: Ниетжан Сағин, №57 орта мектеп.

2 шақырым қашықтық бойынша 14-15 жас арасындағы қыздар:

1-орын: Сабина Бабаниязова, №41 орта мектеп;

2-орын: Алена Суровцова, №18 орта мектеп;

3-орын: Алина Мурзина, №18 орта мектеп.

3 шақырым қашықтық бойынша 14-15 жас арасындағы ұлдар:

1-орын: Бекзатхан Нұрхайдаров, №18 орта мектеп;

2-орын: Әли Бақтыбаев, №57 орта мектеп;

3-орын: Нұртілеу Жекеев, №57 орта мектеп.

3 шақырым қашықтық бойынша 16-17 жас арасындағы қыздар:

1-орын: Оля Дуля, Қобда ауданы;

2-орын: Әйгерім Егінбай, Қобда ауданы;

3-орын: Саяжан Аққұлова, №41 орта мектеп.

5 шақырым қашықтық бойынша 16-17 жас арасындағы ұлдар:

1-орын: Нұрдәулет Қуанышбай, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі;

2-орын: Мейірхан Ермекқалиев, С.Бәйішев атындағы колледж;

3-орын: Әнуар Оңғаров, №41 орта мектеп.

3 шақырым қашықтық бойынша 18-39 жас арасындағы әйелдер:

1-орын: Айдана Мұхамбетиярова, С.Бәйішев атындағы колледж;

2-орын: Бибінұр Жапарова, Мәртөк ауданы;

3-орын: Марина Мыц, Қобда ауданы.

5 шақырым қашықтық бойынша 18-19 жас арасындағы ерлер:

1-орын: Нұржан Құрманәлі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті;

2-орын: Василий Овчеренко, Мәртөк ауданы;

3-орын: Самғат Салауат, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

2 шақырым қашықтық бойынша 40 және одан жоғары жастағы әйелдер:

1-орын: Роза Қанапина, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік  медицина университеті;

2-орын: Инна Дементьева, Ақтөбе қаласы.

3 шақырым қашықтық бойынша 40 және одан жоғары жастағы ерлер:

1-орын: Абай Берғазин, Ақтөбе қаласы;

2-орын: Бастон Құсайынов, Ақтөбе қаласы;

3-орын: Шыңғыс Төлеуов, Ақтөбе қаласы.

 Қуат АҚМЫРЗАҰЛЫ.   

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button