Спорт

19 жылдан кейінгі жеңіс

Самбо

 Жуырда Атырау қаласында самбо күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан ақтөбелік спортшылар жүлдемен оралып, халықаралық жарыстарға жолдама алып қайтты.

Чемпионатта ерлер арасында ақтөбелік 62 кг салмақта Есет Қуанов пен 82 кг салмақта

Еламан Қойшыбаев 1-орынға ие болды. Сондай-ақ, 100 кг салмақта Шыңғыс Шоқпытов 2-орынды, Нұржан Бекарыстанов 3-орынды иеленді. Жалпы командалық есеп бойынша ерлер арасында Ақтөбе облысының құрама командасы 1-орынды жеңіп алды. Самбо күресінен аға жаттықтырушы Сәтжан Тойлыбаевтың айтуынша, бұл жеңіс —1997 жылдан бері ақтөбеліктердің қол жеткізген жетістігі.

  • 19 жыл бұрын самбо күресінен ақтөбелік спортшылар дәл осылай ел чемпионатында 1-орынға ие болған еді. Бұл жолғы жеңісімізге ерекше қуанып жатырмыз. Бұйырса, самбодан 1-орын алған екі спортшымыз — Еламан Қойшыбаев пен Есет Қуанов қараша айында София қаласында (Болгария) өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Ал мамыр айында Түрікменстанның Ашхабад қаласында өтетін Азия чемпионатына 100 килограмм салмақтағы споршымыз Шыңғыс Шоқпытов барады. Бұл спортшыларымыз — жоғары санаттағы спорт мектебінің тәрбиеленушілері, — дейді Сәтжан Тойлыбаев.

Айта кету керек, аталған ел чемпионатына қатысқан 6 қыздың үшеуі — Жұлдыз Әбдіғалиева, Бақыт Қосақбаева, Әйгерім Байжанова 3-орынға ие болды.

 Д.ҚАЗИХАН.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button