Жаңалықтар

Бірлікке үндейтін бастама

Рух

Өткен жексенбі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта белсенді қыз-жігіттердің қатысуымен ерекше флешмоб өтті. Онда жиналғандар мемлекеттік Гимнді орындады.
Мақсат — жастарға патриоттық рух беріп, оларды ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік нышандарды қастерлеуге шақыру. Бұрын-соңды осындай орталық алаңдарда болмаған шараға негізінен мектептің жоғарғы сынып оқушылары атсалысуға ниет білдірген.
— Мұндай шара Ақтөбеде алғаш рет болып отыр. Сол арқылы өскелең ұрпақтың береке-бірлігін, елге деген сүйіспеншілігін одан сайын нығайтсақ дейміз.
Флешмобқа қатысушылардың саны — 600. Жеткіншектердің барлығы өз еркімен келді. Яғни замандастарыма бұл қызық. Бұған біз қуаныштымыз, — дейді ұйымдастырушы, «Эффект Ақтөбе» жобасының жетекшісі Ислам Исенғазиев.
Ұлттық рәмізді ұлықтағандар алдағы уақытта өңір жастарының басын қосатын спорттық шараны өткізуді жоспарлап отыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button