Спорт

Стадион қашан қабылдайды?

Футбол

Клубтың «Ақтөбе»-ТВ» арнасы жасақталады, клуб сайтының енді қазақ тіліндегі де нұсқасы іске қосылады, билет құны 300-1500 аралығында және 3000 теңге болады.
Осы және басқа да жайттарды «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев журналистермен кездесу барысында баян етті.
Командамыздың 30 қаңтарға дейін Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанғанын, бұл құрамда жергілікті жас футболшылардың мол екендігін оқырмандарымызға бұдан бұрын да мәлім еткенбіз. Әрине, бұл — алғашқы жиын, ал келесі жиын барысында Африка мен Украина ойыншыларын қаралымға шақыру жоспары бар.
Клубтың алдында тұрған тағы бір маңызды міндет — Орталық стадионды сәуір айында кездесулер өткізуге дайын ету. Бұл шаруаны ретке келтіру үшін Екатеринбургтен «Урал» футбол клубының тәжірибелі агрономы шақырылып отыр. Одан әрі бұны алаңды күтумен айналысатын арнайы бөлім атқарады. Қысқасы, жанкүйерлер жаздың ортасына дейін мектептің шағын стадионына қамалмауға тиіс.
Билет бағасын арнайы құрылған комиссия есептеп шығарыпты. Орталық трибунадағы билеттер құны 3 мың теңге болмақ. Бұл барлық билеттердің 10 пайызы ғана. Ал қалған трибуналарға билеттер 300-1500 теңге аралығында сатылмақшы.
Сондай-ақ «Химик» стадионының базасында «Ақтөбе» футбол клубының жабық стадионын салу жөнінде құжаттар әзірленіп болыпты. Клубтың академиясы үшін тұрғызылатын бұл нысанның жабық манежінде ауа райы қолайсыз кезеңдерде команда кездесулерін де өткізуге мүмкіндік туады.

Е.АҚАТҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button