Басты жаңалықтарМереке

Православ христиандары Рождество мерекесін тойлады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Свято-Никольский кафедралдық соборында облысымызды мекен еткен православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Өңір басшысы Рождествоның бүгінгі күні әлемнің 150-ден астам мемлекетінде тойланып жатқанын және Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен елімізде де 7 қаңтардың мереке күні ретінде белгіленгенін атап өтті.
— Рождество — бейбітшіліктің, мейірімнің және Жаратушының махаббатының мерекесі. Рождество — қайырымдылық, жақындарымызбен жақсы қарым-қатынаста болу, — деді құттықтау сөзінде Бердібек Сапарбаев.
Еліміз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күннен бастап Елбасының ұлттар мен діндер арасындағы татулықты ту ету саясатын ұстанып келе жатқаны баршаға мәлім. Рождество мерекесіне мемлекеттік деңгейде мән берілуі де осы саясаттың көрінісі. Өңір басшысы айтып өткендей, біздің басты ұранымыз: «Бір мемлекет — бір отбасы!». Еліміз дәл осы басты байлығы — бейбітшілік пен келісімнің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
Облыс әкімі мереке күні православ христиандары үшін қуанышты жаңалықтарды жеткізді. Облыстағы бас кафедралық собордың ауласында шағын шіркеу ғимаратының құрылысы басталмақ. Сонымен қатар, Темір ауданындағы тарихи шіркеуді православ қауымының қарамағына беру мәселесі де оң шешімін таппақшы.
2011 жылы қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына» сәйкес, тарихи маңыздылығына байланысты елімізде екі дәстүрлі діни бағыт бар. Олар: Ислам дінінің Ханафи мазһабы және Христиан дінің Православ бағыты.

Қуат АҚМЫРЗАҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button