Құқық

Полиция түсініктеме берді

Полиция ғимаратында орын алған күдіктінің өз-өзіне қол жұмсау оқиғасына байланысты БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Әсет Қалиев ресми мәлімдеме жасады.
— 2015 жылдың 18 желтоқсаны күні қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Елек полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында күдікті адам өз-өзіне қол жұмсады. Бұл жайт ҚР Қылмыстық-процесуалдық Кодексінің 105-бабында қарастырылған қылмыстық нышанға сәйкес келуі себепті сол күні-ақ сотқа дейінгі тексерулердің бірыңғай тіркеуіне алынды, — деді журналистерге түсініктеме берген Әсет Қалиев.
Оның айтуынша, қылмыстық тексерулер Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасы тарапынан жүргізілуде. Өз-өзіне қол жұмсаған адам қалалық ішкі істер басқармасы тарапынан биыл желтоқсан айында болған Ақтөбе қаласының тұрғынын өлтіру оқиғасы бойынша қозғалған қылмыстық істе күдікті ретінде танылған еді. Ал күдіктінің өз-өзіне қол жұмсауы оны тергеу аяқталғаннан соң орын алған.
Бүгінгі күні бұл оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс облыстық ішкі істер департаментіне тапсырылды.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button