МҰХАММЕД ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАДИСТЕРІ
Қайырымды және мейірбан Алла атынан
Мұхаммед ғәләйһи уәс-сәламның айтқандары
Рақатшылықты жоятын нәрсені – өлімді көбірек ойландар. Кім кембағалдықты, өлімді көбірек ойласа, түбінде сол бай болады.
Адам бәлені көбінесе тілінен табады.
Перзенттеріңді құрметтеумен бірге, мінез-құлқын жақсы тәрбиелеуге күш салыңдар.
Нанды қадірлеңдер!
Діндарлардың имандылығының кепілі – мінез-құлқының жақсылығы, әйелдермен сыпайы қатынасы.
Біліп қойыңдар: ашу адамның ішіндегі жанып тұрған шоқ сияқты. Байқасаң ашуы келген адамның көзі қызарып, тамыры адырайып кетеді. Егер біреулерің сондай күйге түсіп қалсаңдар, жерге отыра қалыңдар. Біліп қойыңдар: жақсы адамның ашуы жай келіп, тез қайтады. Жаманның ашуы тез келіп, жай қайтады. Ашуы жай келіп, жай тарқаса немесе тез келіп, тез тарқаса, бұл да дұрыс. Біліп қойыңдар: саудагердің жақсысы сауда-саттық ісінде әдепті болады. Жаманы дөрекі келеді. Осындай әдеттен сақтанған жөн.
Біліп алыңдар: әрбір қиянат жасаушы қиямет күні қиянатының мөлшерін таныту үшін байрақ көтеріп жүреді. Қиянаттың үлкені – әкімдердің жалпы халыққа істеген қиянаты. Ақиқатты білген кісінің соны айтуына басқалардың ғайбат сөзі бөгет жасамасын. Біліп алыңдар: дін үшін болатын соғыстың абзалы – залым патшаның алдында айтылған хақ сөз. Есіңде болсын: өміріңнің қалған бөлігі өмір сүріп отырған күніңнің қалған бөлігіне ұқсайды.
Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаңа, содан соң Отаныңа жақсылық жаса.
Алла – сұлу, сұлулықты жақсы көреді.
Алла – кешірімпаз, кешірім жасағыш адамдарды өзіне дос санайды.
Алла – жомарт, жомарттарды дос тұтады. Мінезі жақсы адамдарды ұнатып, мінезі жаман адамдарды жек көреді.
Қазылар залымдық жасамаса, Алла солармен бірге болады. Егер залымдығын сезіп қалса, өзі қашықтап, шайтанды қалдырып кетеді.
Алла менің үмбеттерімді қисық жолға бастамайды, Алла көпшілікке көмектеседі. Кім көпшіліктен ажыраса, тозаққа бет алғаны дей бер.
Алла сендердің сырт көріністеріңе немесе дәулеттеріңе қарап емес, ниеттеріңе, іс-әрекеттеріңе қарап баға береді.
Алла бұзықтық жасаған, ұятсыз сөздерді сөйлей салатын арсыз адамдарды жек көреді.
Алла достарына қабағын ашпай, түксиіп қарайтындарды жақтырмайды.
Алла қайғы-қасіретті адамдарға жәрдемдескендерді дос тұтады.
Алла әрбір істе сыпайылықты жақсы көреді.
Алла сергектікті ұнатады, есінегенді жек көреді.
Алла өз пенделерінің ішіндегі қайраттыларын ұнатады.
Алла айтады екен: егер екі одақ бір-біріне қиянат жасамаса, мен солардың үшіншісімін. Егер бір-біріне қиянат жасаса, олардың ортасынан шығып кетемін.
Алла қиямет күні айтады: «Ей, адам баласы! Ауру болдым, маған келіп көңілімді сұрамадың». Адам айтады: «Уа, раббым, Сен бүкіл әлемнің пәруәрдігәрі болсаң, менің қалай көруім мүмкін еді?» Алла айтады: «Пәленше деген адамға ауырып жатқан кезінде барып көңілін сұрамадың, егер барғаныңда оның қасынан мені көрген болар едің. Ей, адам баласы! Өзің тамақтандың, бірақ мені жоқтамадың», Адам айтады: «Уа, раббым, сен бүкіл әлемнің патшасы болсаң, мен сені қалай тамақтандыруым мүмкін?» Алла айтады: «Пәлен пендем мұқтаж болып алдыңа барғанда, сен оның қажетін өтемедің. Егер соның мұқтажын өтегеніңде, сол жерден мені тапқан болар едің».
Алла аталарыңның атынан ант ішулеріңе қарсы.
Алла әйелдермен қарым-қатынаста болуды мәслихат етеді, өйткені олар: аналарың, қыздарың, әжелерің, әпкелерің, қарындастарың. Басқа діндегілердің ешқайсысы қандай олақ әйелге үйленсе де ажырасып кетпейді.
Қашанда әкім адамдар арасында күдік туса, олар сөзсіз бұзылады.
Қашанда ері әйеліне, әйелі өз еріне жәрдемдессе, Алла оларға рақыммен қарайды. Егер алақанын алақанына қойса, саусақтарының арасынан күнәлары төгіледі.
Сиқыршылық, тұмар тағу, дуалау – Аллаға шәк келтіргендік болады.
Сабырлылық – қайғылы кезеңнің алғашқы сәтінде танылады.
Бақытты адам дегеніміз – қастандықтан қашық жүретін, қайғы-қасіретке тап болғанда сабыр сақтай білетін кісі.
Сөздің жаманы – өтірікшілік, жалған әзіл мен шикі пікір. Әкесі өз балаларына бір нәрсе туралы уәде беріп, кейін оны орындамай қоймасын. Шыншылдық ізгілікке бастайды, ізгілік – жаннатқа бастайды. Өтірікшілік – жауыздыққа бастайды, жауыздық – жаһаннамға бастайды. Шыншыл адамға – жақсы баға, өтірікші адамға – жаман баға беріледі. Шыншыл адам түбінде Тәңір құзырына адал (сөзіне адал) деп жазылып қойылады. Өтірікші де түбінде Тәңір құзырында кәззап (өтірікші, суайт) деп жазылып қойылады. Шағымшылдық (арызқойлық) та жаман әдет, өйткені ол адамдар арасын бұзады.
Бұзық қылық, бұзақы сөз – Исламда жоқ нәрселер. Діндарлықтың абзалдығы – мінез-құлқыңның жақсылығы.
Діндар адамдар өзінің жақсы пейілімен түнді ұйқысыз ғибадат етіп, күндіз ораза ұстап өткізер болар.
Әйел әдетте, арлы яки бай жан дүниесі, жақұттай жарқыраған нұрлы жүзі үшін некеленеді. Ал сен арлысын таңда, сонда ғана берекең кіреді.
Адамдардың мынадай үш тобына ғана тілмәштық жасауға рұқсат етіледі: құн төлеушіге; ауыр қарыздарға; момын кембағалға.
Өлім – аса ауыр оқиға. Қашанда табытты көрген кезде, дереу құрмет көрсетіп , орындарыңнан тұрыңдар!
Бір мұсылман ауырып жатқан мұсылман досының көңілін сұрауға барса, оның басып барған жолы жәннат бағын аралағанмен бірдей болады.
Үмбеттерім, ешқашан зиянды іске бармаңдар! Қашанда адамдар ортасындағы қайшылықты сезсеңдер, көпшілік жағына шығыңдар.
Иманды адам уәдесіне опалы болады.
Мұсылмандар біріңе-бірің ауырған кезде көмектесулерің керек. Басың ауырса, бүкіл тұла бойыңның ауырғаны.
Кісі ақысын жеуге құмар адамдардың о дүниеде тозаққа баратынына сеніңдер!
Адамдар арасындағы талас-тартысты әділ, адал пікір айтып, тура шешкен адам жақсы адам.
Ізет-құрмет – әрбір адамның биік тұтар мұраты, оны әкеңдей ардақтауың керек.
Сенде Аллаға, оның растығына лайық, сүйікті екі қасиет бар: кішіпейілділік пен салмақтылық.
Ақы (қарыз) иесі сөйлеуге хақылы.
Әр нәрсенің шегі бар. Бақытты кезінде өзін дұрыс ұстай алған адам – одан да бақытты болуы ықтимал. Бірақ атаққұмарлық пен мен-мендікке салынса, оны шын мәніндегі жақсыға қоспаңдар.
Жер бетіндегі ғұлама данышпандар аспандағы жұлдыздарға ұқсайды. Жерде де, суда да жұлдызға қарап жол табуға болады. Жұлдыздар көрінбесе жолаушылар адасуы мүмкін.
Бергенін қайтарып алу – ит шайнаған нәрсені ештеңе болмағандай жей берумен бірдей.
Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар.
Мағынасын терең түсінбесе де Құранды жатқа білген қарияларды, ақ шашты қарт адамдарды және әділ патшаны құрметтеу – Алланың ұлылығын мойындаумен бірдей.
Көрмеген түсті көргендей етіп айтып беру – өтіріктің ең зоры.
Бұрынғы пайғамбарлардан қалған сөз: «Ұялмасаң, қалаған ісіңді істей бер!».
Мұсылманның өлімінен кейін (оның пайдасына) жататын істер: таратқан ілімі, қабілетті перзенті, мұраға қалдырған Құран кітабы, салдырған мешіті, қонақ үйі, шығарған суы, сауында берген қайыр-садақасы.
Өсімқорлықтан да ауыр күнә – нақақтан-нақақ мұсылманның абыройын төгу.
Сендер мол дүниелеріңмен адамдарды риза ете алмайсыңдар, керісінше: ашық қабақ, жақсы мінездеріңмен сыйлатуларың мүмкін.
Үш нәрсе бақытсыздыққа душар етеді: жаман ат, жаман қатын, жаман көрші.
Тек қайырлы, сауапты істер тапсырылса ғана орындау керек.
Еркектер әйелдерге өзінің туған әпкесі немесе қарындасы сияқты қарап, қарым-қатынас жасауы керек.
Мен де өздеріңдей азаматпын: жорамалмен айтылған сөз дұрыс та, бұрыс та болуы мүмкін. Бірақ сендерге Алла айтқан деп бірер хабар жеткізсем, ешқашан Алла атынан жалған сөйлеген болмаймын.
Сендерден бұрынғы өткен туыстар не үшін құртылды? Өйткені олар құрметті адамдар ұрлық жасаса – кешіргендер; ал кем, ғаріп жағдайдағы адамдарды жазалағандар.
Екі кісінің бірге отырып сұхбаттасқандағы сөздері де – аманат. Сұхбаттасқан кісілер Алланың аманатынан тарайды. Сұхбаттың сырын паш етуге тыйым салынған.
Мен барлық жақсы мінездерді қабылдау үшін жіберілгенмін.
Көңілдің үнемі өзгеріп тұруы – парасатқа қатысты.
Көңіл айдаладағы бұтаққа ілініп қалып, желмен тербеліп тұрған жапыраққа ұқсайды.
Жақсы адаммен бірге болу – мускус (бірқатар жануарлардың ұрық безінен шығатын иісі күшті зат) қоймасында отырғандай. Жаман адаммен бірге болсаң – теміршінің балғасының қасында отырғандайсың. Мускусі бар кісіден хош иіс тарайды. Одан сенің жаның ләззәт алады. Ал балғадан үстіңе от шашырайды, киіміңді күйдіреді, ең болмағанда мұрныңа жаман иіс келеді.
Мен лағынат айту үшін емес, керісінше рақмат жасау үшін жіберілгенмін.
Мен де әзілдеймін, бірақ шындықты айтамын.
Мен адамдардың азғырушысы емес, ақылшысы болуға жіберілгенмін.
Екі түрлі адамның: жетім мен жесірдің ақысын жеу харам.
Әмірліктің (патшалықтың) не екенін айтайын: біріншіден, жұртты кінәлау, екіншіден өкіну, опық жеу, үшіншіден, қиямет күнінің азабына қалу. Әділ патшалар бұдан құтылады.
Қолыңда көшет тұрған кезде, қиямет-қайым болатынын анық білсең де, үлгерсең еге бер.
Бір нәрсеге мұқтаж болып, оны сұраудың қажеті туса, адал, жақсы адамнан сұра.
Қайғыға ұшырағанда шашын жұлып, бетін жыртып немесе киімін жыртып жылағандардан беземін.
Мен жетімнің кепілдігін алған адаммен жәннатта бірге боламын.
Достарыңа – адал не залым болсын, шын жәрдем бер. Сұрақ қойылуы мүмкін: «Қаналған адамға көмектесейік, залымға жәрдем беруіміз қалай болады?» Жауап берейік: «Оны зұлымдықтан тазартсаң, оған жасаған жәрдемің сол болады».
Өзіңе назар аудар. Сен қызыл не қара нәсілді адамдардан артық емессің, Алладан қорқу, мінәжат ету жағынан оның тілегі қабыл шығар.
Алланың өзіңе берген несібесін алдымен өзің пайдалан.
Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.
Дінбұзарлар – елден шыққан нағыз бұзықтар.
Құпия түрде де, жария түрде де құдайдан қорқуды өсиет етемін. Егер жаман іс істеп қойсаң, оны жуу үшін жақсы, сауапты іс атқар. Біреуден ешнәрсе сұрама, аманат ұстама. Екі кісінің ортасына үкім шығарма.
Сендерге мынаны өсиет етемін: сахабаларыма, олардан кейінгілерге ілесіңдер! Соңыра өтірікшілік кең тарайды. Тіпті адамдар сұрамаса да ант ішіп, жалған куәлік жасайтын болады… Біліп қойыңдар: кейбір еркек бірер жат әйелмен оңаша отырса, үшінші болып шайтан тұрады. Үнемі көпшілікпен бірге болыңдар. Бұзылып кетуден сақтаныңдар. Шайтан жалғыз адаммен бірге болады, екі адамнан қашады. Кімде-кім жәннатқа барғысы келсе, көпшілікпен бірге болсын. Кімде-кім өзінің жақсы ісіне қуанса, жаман ісіне ренжісе, ол шын мәніндегі мұсылман.
Көршімен тату болыңдар.
Ислам дәуірінен бұрын ішкен анттарыңа опалы болыңдар. Әйтпесе, Ислам діні опасыздықтың күнәсін одан сайын арттырып жібереді. Бірақ Исламға кіргеннен кейін, жаңадан ант ішпеңдер.
Некелесу (үйлену) тойында бір қой сойсаң да, дастарқан жайып, дос-жараныңды шақыр.
Қандай адамдар жәннатқа баратыны туралы хабар берейін бе? Олар – әлсіз, Аллаға жалбарынушы жандар. Тозаққа баратындар – аса ауыр дұшпандық жасаушы, тәкаппар жандар.
Жақсылық пен жамандық туралы айтар болсақ, сенің жақсылығың-жақсылықтан үміттеніп, жамандықтан тыйылуың. Ал жамандығың – жақсылықтан үміттенбеуің, жамандықтан безінбеуің.
Ибадаттың жеңілі, ең оңай атқарылатыны – аз сөзділік пен кішіпейілділік.
Қиямет күні тозақ оты кімге харам екенін айтайын ба? Ол – өзі жуас, мінәйім, басқалармен қарым-қатынасы жақсы, ақылға сыйымды сөзге тоқтайтын адамдар.
Ораза, намаз, садақадан да абзал іс бар. Ол – екі кісіні жарастыру.. Біреулердің арасын бұзу – дінге қылаптық жасау, бүлдіру.
Араларыңдағы ең күштінің кім екенін айтайын ба? Ол – ашуы келгенде сабыр сақтап отыра алатын адам.
Атқарылып болғаннан кейін кешірім сұралатын істен сақтан.
Құлаққа жағымсыз естілетін сөзден сақтан.
Көшеде отырудан сақтан7. Егер көшеде отырсаң ақысын өте. Әркімге көз салып, біреулерді жәбірлеме. Аман-сәлемің түзу болсын. Жамандықтан әр сәт сақтанып жүр.
Күмәншіл болма. Өйткені оның негізі – жалған. Біріңмен-бірің аңдыспа. Мол дүние жию үшін жарысқа түспе. Араларыңда тәуелділік, дұшпандық және араздық болмасын. Алланың өзара дос пенделері болындар. Біреулердің құдалығының үстіне, олар өзара келіскенше, не ажырасқанша құдаласуға бармаңдар.
Сауда-саттықта көп қасам ішуден сақтан. Өйткені ол алдын қойылтып, соңын сұйылтып жібереді.
Дінді насихаттаймын деп, ұрандатып, шу көтеріп кету жараспайды.Өйткені сендерден бұрын өткен қауым шамадан тыс шу көтергендер болатын.
Мынадай екі табиғи өсімдікті (сарымсақ пен шикі жуа) жеп, мешітке кіруден сақтаныңдар. Егерде жеуге тура келсе, жақсылап пісіріп жендер.
Адамдар арасына өсек айту, жала жабу, өтірік сөздер таратудан сақтан.
Әрқандай хайуанның терісі өңделгеннен кейін таза деп есептеледі. (Адам мен доңыз терісі бұған жатпайды).
Кейбір адам адал кәсіппен мол дүние тауып, өзінің және басқалардың азық-түлігі, киім-кешегі үшін жұмсаса, соның барлығы садақа берген болып есептеледі.
Ей, адамзат, Алладан қорқыңдар, несібелеріңді адал, жақсы жолмен тауып жеуге харекет қылыңдар! Ешбір адам ризық-несібесін жеп тауыспайынша, дүниеден өтпейді. Ерте ме, кеш пе – оның бағы жанады. Сол үшін тіршілікті жақсы жолға қойып, харамын тастап, адалын алыңдар!
Өсімқор мен оған өсім берушінің күнәсі – бірдей.
Қауым иесі қол астындағы адамдарға қиянат жасап, алдаса, қиямет күні тозаққа түседі.
Бір әйелдің үш перзенті сәби күйінде қайтыс болса, олар қиямет күнінде анасын тозақтан бөлетін (жасыратын) болады.
7 – Біреулермен топ құрып, ішіп-жеу деген мағынада.





Маған сіздердің сайттарыңыз өте ұнады!
Өте керемет сайт!Сөз жоқ маған ұнады!
Сіздердің сайттарыныз керемет екен!
Взял недавно кредит вебмани и скажу , что целиком доволен сервисом, советую всем
Купила внове корсет для похудения Waist training , могу сказать что полностью довольна приобретением, советую всем